– Көкжиектің ар жағында не бар екен-а-ай-и-и-й!..
Сон-а-а-а-у бозторғайлы бозала таң¬нан өзін бір табын малымен қоса алдына салып қуалаған шілденің оттан да ыстық дөңгелек күнінің дәл сол тұсқа жетіп, онан әрі жылжымай, табандап тұрып алатыны қиын еді. Шаршаған, зарыққан, шөлдеген Доңқабақтың сабырын әбден тауысып қана көгілдір белдеуден ары жатқан тылсымды құрдымға зыр етіп түседі де кетеді жарықтық.
«Көкжиектің ар жағында да ел бар ма екен, осы?..»
Ол жақтағы тіршілікті басқа білсе – білер, ал Доңқабақ білмейтін. Себебі, елу¬ден асқанша көгілдір таулар сая¬сын¬дағы ауылынан қарға адым ұзап шыққан емес. Қара мал баққан кәсіптен басқа іске араласпағаны тағы да рас. Әркім-әр¬кімнің айтуынан өзінше жорамалдаса, ол жақ – бөлек орта, бөтен мемлекет. Арақ – арзан, ет – қымбат деседі. Жобасы, бә¬рінен де бұрын самогон итырғын. Мәс¬кеу деген қала да со жақта. Барша өзгеріс, бетбұрыс содан басталғандай. Ана бір жыл¬дары, бұл арып-ашып мал соңында жүргенде, әкесінің көрі… өкімет те өзгеріп кетіпті деседі. Ол да есінде… Доңқабақтың ауылындағы үкімет… ұмытпаса… бәлкім, түс әлетінде… яки түс ауа… ауысқан… Пар¬торг Данышпановтың кеңсе төбесіндегі қызыл жалауды көгілдір байраққа алмас¬тырып жатқаны да есінде. Сәйгелді мау¬сым¬ның екінші күні болатын ұмытпаса…Соған қарағанда бұл ауылдағы үкімет сәй¬гелді маусымның екінші күні… түс әлетінде… яки түс ауа… ауысты. Бәлкім, жай¬басар ауылдың қазақшылыққа басып, туын біршама кешіктіріп ауыстыруы да мүмкін. Әйтеуір сиыршы үкіметтің дәл қай күні алмасқанын білмейтін. Үкіметті қой¬шы! Сол да сөз болып па!.. Өзгерсе – өз¬герер, өзгермесе – тұрар! Одан Доң¬қа¬бақ¬қа келіп кетері екібастан шамалы. Доңқабақ ана өкіметте де мал баққан, мына өкіметте де мал бағады. Өзі білетін жалғыз өкімет сапқоз директоры болса, ауылды жеп-жеп қашып кеткен – директор қашып кетті екен деп бұл ел қырылып қалған жоқ. Сапқоздың орнына құрылған кооперативке онан да өткен тәкәппар, онан да өткен менмен президент сайлап алды. Өзгерген түгі де жоқ. Директор «Вол¬га» мінген, президент «Мерс» мінеді. Бар болғаны сол ғана. Доңқабаққа онан да келіп кетер ештеңе жоқ. Себебі, жиырмасыншы ғасыр бітіп, жиырма біріншісі басталып кеткен тұстағы қым-қуыт өзге¬рістерді түсінуге Доңқабақтың білігі ғана емес, табиғи өресімен қоса, шамасы да жетпейтін. Жекенің табынын таң азаннан жайып, кеш бата ауылға шашау шығармай алып келеді. Күндегісі, жылдағысы һәм ғұмыр бойы көрген-баққаны – сол. Сол ғана! Дүние шіркін, көкжиекпен шектеледі, жобасы…
Ай-хай-ай! Дүние шіркін, көгілдір мұнар ғана!..
ДӘУІР МЕЛОДИЯСЫ
Аяқ астынан ауылда аусыл пайда болып, медперсоналдың әбігерге түсе қал¬ғаны. Мединститутқа сиырлы «Социализм» сапқозының жолдамасымен түсіп, ауылға Кеңес өкіметін құлатып оралған дәрігер қыз Саясат үшін бұл – іздегенге сұраған дегендей шаруа. Екі білекті түріп жіберіп, кіріссін де кетсін. Тамам ауылға аусылға қарсы вакцинаны жүгіріп жүріп, екі-үш-ақ күнде егіп шықты. Әсіресе, ғұ¬мыры сиыр бағумен өтіп келе жатқан Доң¬¬қабақ ағасына қатты шүйліккен. Сиыршының бір бүйірден қарап отырған әйелін: «Бетім-ай!..» дегізіп, ағасының ана жерін де сыйпалайды, мына жерін де сыйпалайды. Шу дегенде Доңқабақтың: «Айналайын-ай, осы аусылдан өлсем өліп-ақ кетейін, мені мазаламай-ақ қойсаң қайтеді?!» дегісі келген. Алайда, оған көне қалар Саясат қайда?! Саясат – құ¬зырлы, Сая¬сат – құлықты, Саясат – мықты еді. Доң¬қабақты ұзақ әурелеп, аударып-төңкеріп ұзақ қарап, Саясат қыз жеңгесі¬нің қолына дәрі-дәрмектің етектей тізімін ұстатты.
– Қазір препарат қат. Аудандық дәріха¬на¬дан өз ақшаңызға аласыз. Себебі, мына заман нарықтық экономика заманы!..
Тақ-тақ. Тарс-тұрс. Күні кеше ғана «Со¬циализмнің» көшесін шаңдатып, мықтаса қуыршақ ойнап жүрген қаршадай қыз еді. Мұның да адам болып қалғаны-ау?!
Доңқабақ ағасы қазақшылыққа басып, ақыры дәріханаға бармады. Оған қа¬рап өле де қалған жоқ. Аусылдан аман екен әйтеуір. Қарындасы да «мынадай-мынадай кеселіңіз бар, аға» дегенді нақты айтпай, сақтық шарасын ғана жасағандай еді. Мілициамен айдап апармаса аға¬сы¬ның аудандық дәріханаға бара қой¬май¬ты¬нын ұққан Саясаттың қалт еткенде «мына¬ны іше тұрыңыз» деп бір уыс дәрі тастап кеткенінің әсері ме, әлде ғұмыр бойы қара мал баққан адамға қара малдан ғана жұғатын аусылдың қауіпі жоқ па, әйтеуір Доң¬қабақ – тірі, Доңқабақ – дін аман. Мал¬мен бірге жайылады, малмен бірге жатады. Ара-тұра Саясат қарындасы әке¬ліп берген қызылды-жасылды таблеткаларды аударып-төңкеріп қарап отырып, дәрігер қыздың «қазір нарықтық экономика заманы» дегенін есіне алады. Малмен бірге жайылып, мал болуға шақ қал¬ған доғалдау санасында «Ол тағы да нен¬¬дей керемет екен?» деген болмашы ғана бір ойы түнектен түтеген әлсіз жа¬рық¬тай жылт ете қалып, жылдам өшеді және. Жалпы, Доңқабақтың жағдайында әлдебір ойдың жылт етіп оянуы да сирек болатын құбылыс. Болған күнде де онан әрі дамымай, өрістемей, тым жылдам, әрі екінші қайтара оңалмастай, мәңгілікке, бақилыққа өшетін-ді. Ондай-ондайға бас ауырту Доңқабаққа екібастан жат. Ара-тұра сырқаттана қалса, жүгіріп келіп укол салып кететін Саясат қарындасын жақсы білгенімен, Доңқабақтың ағымдағы саясаттан дым дерегі һәм білігі жоқ-ты. Әр¬кім-әркімнің аузынан «Шіркін, социализм деген жақсы екен-ау, өзі! Заманында қадырын ұқпаппыз» дегенді естіп те жүр. Алайда, сиыршы социализм жарықтықты о бастан өзі отыз жыл бойы отымен кі¬ріп, күлімен шыққан «Социализм» сап¬қозы деп қана ұғатын.
Ал «Социализм» сапқозы шынында да өз заманында қыруар егістігі, мыңғырған малы бар дүркіреген шаруашылық еді. Бүгін соның бірі жоқ. Ауыл жекешелендіру науқанына маңдай тірегенде де жер¬лес¬тері битін салып кірісіп жатқан саяси-әлеу¬меттік шараның мәнін Доңқабақ, ақыры түсінбеді. Есін бір жиса – «Социа¬лиз¬мнің» мыңғырған малынан тігерге тұяқ қалмапты, әй! Бұл аузын ашып жүр¬ген¬де жерлестері малды малдай, техниканы техникадай жекешелендіріп алған екен. Азын-аулақ ірі-қара пышақ үстінен бөліске түскен қызылшеке даудың арасында жекенің табынына Ит жылы қосыл¬ған «Социализмнің» әукесі салбыраған тарғыл бұқасы ғана ұмытылыпты. Шынтуайтына келгенде, тарғыл бұқа «Социализмнен» заманның түзу кезінде-ақ ірге бөл¬ген, бүкіл Кеңес Одағының халық¬шаруа¬шылы¬ғындағы алабөтен мемлекет¬тік нышан, әрі жекешелендіру ісінің кең байтақ Қазақстандағы пионері еді. «Дес¬сидент» деген анықтаманың қара мал¬ға бір мысқал қатысы болса – нағыз қызыл¬көз дессидентіңіз де сол! Жануар рефор¬ма¬ның заты түгіл, аты да аталмайтын сонау кеңестік заманның өзінде еш¬кім жеке¬шелендірмей-ақ жекенің малына сіңіп кеткен-ді. Оның үстіне анау-мынау емес, ауылды жыл сайын ала бұзауға
қа¬рқ қылған, сол арқылы еліне еңбегі сің¬¬ген бұқаңыз да осы! Көктем туа күйлеп, бір-бірін қуалай артылып, есі кететін көп сиыр¬дың тілегі шығар, тұтастай елдің ас¬тын үстіне шығарған жекешелендіру саясаты тарғыл бұқаға жүрмеді, ақыры.
ҚАЗАҚИ ПРОЦЕСС
Екі айға созылған мүлік бөлісінен жүй¬келеп, қолы сол күні ғана босаған бас есеп¬шінің кешкі шәйін ішуге отыра бергені сол еді – дессидент бұқаның тамам ауылда басқа жер құрып қалғандай дәл тере¬зенің алдына келіп, жер тарпи гүжілдеп тұрып алғаны. Социалистік меншіктің аты өшіп, дүние жаппай капиталистік сипат алып бара жатса да мүліктік анықтамасы әлі күнге нақтыланбаған дессидент бұқа¬ның құлаққа таныс, бір сарынды гүжілі тым жақыннан, әрі жүйкеге тие естілген. Беймаза бұқаны «қарасан келгірдің» ас¬тына алып, аулаққа қуып тастау түк емес еді. Алайда, осы ауылдың дүние-мүл¬кін қаттаумен тісі шыққан бас есепшінің мұндай сәтті қағыс қалдырса бас есепші ата¬нып несі бар?! Бұқаның жекеше¬лен¬діруден тыс қалғаны сол жерде-ақ есіне түсті. «Иттің малын қайтып қана ұмыттық екен?» деген, таңданысынан гөрі қуанышы басым сауалдың оянуы да заңды. Басқа¬сын айтпағанда, тарғыл бұқа бүкіл құжаты архивке өткен «Социализмнің» меншігі бола алмайтын-ды.
Тарап кеткен жекешелендіру комиссиясы ертесіне-ақ сапқоз кеңсесінің алдына қайта жиналды. Мал ашуы – жан ашуы деген ел емес пе, ауыл жағдайында әжептәуір беделі бар комиссияның қабағы дессидент бұқаны жекешелендіру процесіне емес, соттауға жиналғандай сұсты еді. Жекешелендірілмей қалған со¬циа¬листік нысанның, яғни «Социализмнің» дессидент бұқасының өзіне келсек, Кеңес өкіметі құлап, Құдайдан басқа қожасы қалмағаннан бері осы ауылдың қотанын ертелі-кеш ерсілі-қарсылы кезіп жүріп алатын ғадеті бар еді. Қайдан шыға кел¬гені белгісіз, жекешелендіру комиссиясы тегіс жиналған шамада кеңсе үйінің тап қасына келе қалып, қыстан шыққан күл-қоқысты аспанға көтере тарпи гүжілдеп тұрып алғаны. Аяқ асты қотанға құйын еніп, дессидент бұқа аспанға бұрқыратқан күл-қоқысты тұп-тура мәртебелі комис¬сияның төбесіне әкеліп үйірді.
– Ойбай, мына қарасанды құртыңдар! Доңқабақ-ау, қайдасың?! Мына иттің малын қораға апарып қама! Кәстөмнен кәстөм, шалбардан шалбар қалдырмады-ау, арамқатқыр!.. – деп үсті-басын қақ¬қыш¬таған «Социализмнің» бұрынғы кір¬пияз парторгі Данышпанов сиыршыны іздеді.
Сиыршының қамшысы ұдайы керзі етігінің қонышында. Суырып алып, «сарт» еткізген. Тарғыл бұқаға бұл дауыс, әлбет¬те, бұзау күнінен таныс. Доңқабақтың ал¬дына өзі түсіп, тұяғы сыртылдай желіп отырып, малы жекешелендіріліп кетуіне байланысты қаңырап тұрған фермаға зып берді. Әрі сол дұрыс та болды. Әзірге қо¬жайы¬ны нақтыланбаған, басы даулы мал¬ға лайықты жалғыз орын шынында да сол жер-тұғын. «Социализм» сапқозының ұжы¬мы тарғыл бұқаны темір торға қамап тас¬тап, жануарды жекешелендіру процесін бастап та кетті.
Жекешелендірудің ең қызық, ең тартысты екінші сатысы ешкім күтпеген тұс¬тан басталды әрі. Сиырлы сапқоздың бұ¬ған дейінгі жиналыс, мәжілістерінде алдымен сөйлеп қалған басы, тарғыл бұ¬қବға қатысты даудың алғашқы сөзі «Со¬циବлизмнің» мал дәрігерінен шықты.
– Бұқа бәріңнен бұрын менің үлесім! Се¬бебі, бұзау күнінде алғаш тудырып ал¬ған мына мен болатынмын! – деп мал дәрі¬герінің өз кеудесін өзі түртуі мұң екен, ел дүрлігіп шыға келген. Қазақ қоғамында екі¬¬бастан дауды бастау – оңай, бітіру – қиын. Онсыз да қызба мал бригадирінің де:
– Қой ей, көке! Тарғыл бұзау туа алмай жатқанда сен толғатқан сиырдың қасында қо¬лыңды қалтаңа сап, талтайып ақыл ай¬тып қана тұрғансың! – деп іліп әкетке¬ні.
Мәселе дәл осы жерден ушықты. Аяқ асты қып-қызыл жанжал туған. Тарғыл бұ¬қаға таласудың қасында оның алдында¬ғы «Социализмнің» миллиондаған сом тұратын дүние-мүлкін бөлісу де түк болмай қалды.
– Оттапсың! Мен сол жерде тарғыл бұзауды қалай аман тудырудың ғылы-м-м-и, ветеринарлық тәсілін айтпасам, сен өзіңе қарап үңірейген… сиырдың арт жа¬ғын сипалағаннан басқа не білетін ең, ә?!
Мал дәрігері «ғылми» деген тұста «м» қар¬піне екпін түсіре саусағын көкке безеп, сәл-пәл кідіріс жасауды да ұмытпады. Ол да түк емес, бәрінен бұрын әжептәуір мемлекеттік маңызы бар жекешелендіру процесіне сиырдың арт жағын қосуы ар¬тық¬тау болды. Себебі, бұл, қазақ жағда¬йын¬да қып-қызыл төбелес ашуға әбден же¬те¬тін сөз еді. Солай болды да.
– О, қызталақ! Үңірейгенді… мен саған көрсетейін!
Қызба бригадир де бұрынғы бастығым еді-ау деген жоқ, мал дәрігеріне жұдыры¬ғын ала жүгірді. Әзір жұмыссыз жүрсе де бұрынғы беделін толық жоғалта қоймаған «Социализмнің» соңғы парторгі Данышпанов екеуін әзер ажыратқан. У-шу ба¬сыл¬ған¬дай болғанымен, тарғыл бұқаға таласушылар саны бірден екі адамға жетіп, түс ауа он бестен асып жығылды. Үміт¬кер¬лер¬дің әлеуметтік сипаты да әр¬тек¬ті еді. Же¬кешелендіру комиссия¬сының төрағасы Данышпановтан бастап, ауыл молдасы Ай¬дарбекке дейінгі аралықтағы осы алашұ¬¬бар топ тарғыл бұқа төңіре¬гіндегі дауды қызыл іңірге дейін созды. Ортақ мүліктің жайы белгілі. Одан әркімнің де дәмесі болмақ. Жайшылықта қорасына жолап кетсе ит қосып қуалайтын социа¬лис¬тік бұқаның қадірі сәт сайын, минут сайын артып бара жатқаны да қызық еді. Ал, дессидент бұқа болса, өзіне қатысты дау¬да шаруасы жоқ, қаңыраған ферма ішін¬де шілденің ыстығынан сағалаған шы¬бын-шіркейді қуа тебініп, күйісін қайырып жай¬барақат тұрған-ды.
Біртіндеп дау саябырлап, әркім-әркім өзінің тарғыл бұқаға о бастан, сонау кеңес¬тік дәуірден қаншалықты қатысы барын жанын салып дәлелдеп жатты.
– Осы тарғылдан бұзау күнінде енесі жеріп кетіп, алты ай бойы менің қолымнан ғана сүт ішкенін ұмыттыңдар ма?! Қайда барсам да кенже ұлымдай ілесіп, соңым¬да жүрмеуші ме еді?! – деп «Социализмнің» күні кешегі озат сауыншысы Дәметкен: «Енді не айтар екенсіңдер?!» деген астарлы сеніммен айнала отырғандарды сыдырта шолып шыққан. Сәтіне көрінгені шығар, темір тордың ішіндегі тарғыл да бұзау күнінен көк сүтпен асыраған Дәмет¬кеннің дауысын танып, мөңіреп бергені. Бұл бәрінен бұрын даулы нысанды жеке¬шелендіру процесінде сауын¬шы¬ның позициясын нығайтып берген оқиға бол¬ды. Дессидент бұқа ішін тарта, қоймай-қоймай ышқына мөңіреп, қаңырап тұрған ферма ішін азан-қазан қылған. Дәметкен жаулығының ұшымен көзін сүртті. Мұнысы тарғыл бұқадан үміттілерге екібастан жаға қоймайтын қылық. Бригадир де ұнатпай, бұрынғы кеңестік дәуірден қал¬ған ғадетімен қабағын түйіп, сиыршыға пәрмен берген:
– Әй, Доңқабақ! Мына қарасанды итше ұлытпай жағын қарыстыршы!
Доңқабақтың өзі де, қамшысы да – осы ауылдағы бес жүз сиыр үшін Құдайдан кейінгі құдірет. Тіпті, Доңқабақ қамшысын сартылдатпай-ақ, жәй ғана даусын шығарса да жетіп жатпақ-ты.
– Әй! Әй! Қой енді, қарасан келгір!..
Сиыршының даусы шығуы мұң екен, Дәметкенді танып, малға тән доғалдау түйсігінде көк сүті мол кеңестік бұзау күні бұлдыр-бұлдыр қылаң беріп тұрған дессидент бұқа да мөңіреуін сап тиып, әп-сәтте бергі нарықтық заманға, қазақы ауылдағы ию-қию жекешелендіру процесіне қайтып оралған.
Ақиқатын айтқанда, кезінде тарғыл бұзаудан енесінің жеріп кеткені де, оны Дәметкеннің қаймағы алынған көк сүтпен асырап, мал қатарына қосқаны да рас. Алайда, мына таластың үстінде оны мойындау әркім үшін де тарғылдан айырылу, Дәметкенге басы бүтін меншіктеп беру еді.
– Оу, Дәметкен! Есіңде бар ма, жоқ па?! Сол шақта менің қатынымның қал¬жасына келген саған ере келіп, баламның жаюлы тұрған жаялығын жалмаған жебір бұзау кезі ғой. Сол жерде жебір неменің жаялық жеп тұрған аузынан от тұтатып, жаман ғадетін қойдырған кім екен, ә?! Әгәрки, мен сөйтпесем жебір бұзау осы ауылдың шикіөкпесін орайтын жаялық қалдырмас еді!
«Зооветтен» алған зиялы тәрбиесі есіне түскен мал дәрігері дессидент бұқадан үміттілігін тағы да бір мәрте тұс¬палдап білдірді. Жаңа ғана жағаласуға шақ қалған мал дәрігерінің сөзін бригадир де жерге түсірмей іліп әкеткен.
– Ал, жайлаудағы малға қосып, өсіріп мал еткен мен емей – кім екен?! Сендер сөзді қойыңдар түге!
Бұл да өтірік емес. Ауылдың еңбек¬теген баласына дейін білетін ақиқат. Мүлік бөлісінің бұған дейінгі сатысынан алған сабағы мол үміткерлердің уәждері де дау тудырмайтындай дәлелді еді. Бір дәлел бір дәлелден асып түсіп жатты. Осының өзі-ақ басы даулы тарғыл бұқа¬ның тамам ауылға ортақ анықтамасын сәт сайын нақтылай түскенін үміткерлердің өздері де аңғармай қалды. Ақыры, мәселе «тарғыл бұқаға ешкімнің де жеке қожа¬лық жасауына қа¬қысы жоқ. Бұқа – ауылдың ортақ мүлкі» д嬬генге ауып бара жатқанда даулы топтың ал¬дына ала шапанды молда шыққан.
– Оу, жамағат! Тарғыл тарғыл болғалы қай заман?! Ұзаса үш-төрт жыл, онан әрі ол да қартаяды. Бұзау тудырмақ түгіл бөк¬сесін көтере алмай, күл-қоқыста жатар шағына да жақын қалды. Бір бұқамен Дә¬меткен сен де, бригадир сен де байып кет¬пейсіңдер! Құрбан айты болса жақын¬дап қалды. Осы ауылдың Жаратқанға жал¬барынып, құрмалдық шалмағанына да біраз жылдың жүзі болып қалды. Өлі жебемей – тірі байымайды, ақыры осы ауы묬дың ортақ дүниесі екен, ендеше, биы묬ғы айт¬тың құрмалдығына осы бұқаны қиың¬¬дар!..
Әрине, бұл – тарғылдан үміттілерге екібас¬тан жақпайтын ұсыныс. Соны алдын ала сезген молда да «сен де! сен де!» деп даукес топтың әр пендесін кеудеден түрт¬кен¬дей етіп, сұқ саусағымен безей көрсетіп шыққан-ды. Қалай десек те, Құдайын басы бүтін ұмыта қоймаған ауыл еді. Құрбан ай¬тының киесінен қорқып, қарсы уәж айта алмай жер шұқыған топ үнсіз томсарып отырып қалған.
Үнсіздікті туасылы атеист Данышпан¬ов бұзды. Парторг кезінен қалған дағ¬ды¬сы¬мен дауысын бір кенеп алып:
– Ақсақал! Тарғыл бұқа алдымен ком¬му¬нистік қоғамның малы! Қарапайым бұ¬қараның меншігі! Яғни әлі де мемлекет қарауында. Сондықтан ол мемлекеттен әлдеқашан ірге бөлген діннің, онан да бетер ескілікті ырым-нанымның құрбан¬ды¬ғы бола алмайды! – деген түсін суытып.
Парторгтың баяғы коммунистік жүйе¬дегі мысы мен қаһары есіне түскен мол¬да¬н¬ың қарсы сөйлер қауқары жоқ-ты. Енді болмаса мешіттің құрбандық қазанына түскелі тұрған тарғыл бұқаның көретін жарығы бар екен, бергі күнәһар, даукес ортаға тағы да бір мәрте қайтып оралған. Сол сол-ақ екен, жекешелендіру дауы қа鬬та қызып, «Социализмнің» бұрынғы ай¬рандай ұйыған ұжымы бірін-бірі енді қайтып көрместей ерсілі-қарсылы тілдесіп жатты.
Кеңсе алдындағы дүрілдескен қызыл¬шеке топтың бір шетінде Доңқабақ елеусіз ғана тұрған-ды. Ақиқатына келсе, тарғыл бұқаның сиыршының үлесі екені даусыз. Жануардың бұзау күнінен бастап, гүжіл¬деген күжбан бұқа болғанға дейінгі тағ¬ды¬ры бәрінен бұрын осы Доңқабақтың көз алдында өтті. Мал дәрігері туа алмай жат¬қан сиырдың қасында қолын қалта¬сына салып, ақыл-кеңес айтумен ғана шектеліп тұрғанда, бұзауды шаранаға тұн¬шықтырмай аршып алған да осы Доң¬қабақ. Өсіріп, мал еткен де өзі. Бала¬сының кептіруге қойыл¬ған жаялығын жалмаған жебір бұзауды сойып тастардай боқтана ұмтылған мал дәрігерінен арашалап алып, табынға қос¬қан да басқа ешкім емес – осы Доң¬қабақ бо¬латын. Алайда, мұндайда оны ауызға алар пенде қайда?!
Күні бүгінгі «Социализмнен» қалған жал¬ғыз мемлекеттік нышан – тарғыл бұ¬қа¬ны жекешелендіру процесі бұған дейінгі даудың бәрінен асып түсті. Комиссия мү¬ше¬лері де таң азаннан қызыліңірге дейін дуылдасып, ортақ мәмілеге келе алмай қой¬ған. Ақыры, ең соңғы кесімді сөзді «Со¬циализмнің» соңғы парторгы айтты:
– Жолдастар! Бұйырған малды бөлістік қой. Байқап отырсам тарғыл бұқа дауы¬ның биыл бітетін түрі жоқ. «Социализм» құла¬ға¬нымен ауыл орынында. Әрқай¬сың¬ның да бала-шағаның ауызын ақтап отырған бір-бір сиырың бар. Сондықтан да тарғыл бұқа жекешелендірілмесін! Бұрын¬ғы¬сын¬ша осы ауылдың ортақ мүлкі болып жеке та¬бында жүре берсін! Бір бұқа жүрмесе ертең сиырларыңның жартысы қысыр қалады. Кесімді сөз – осы! – деген Данышпанов.
Бұл ауылда Данышпанов айтқан сөз¬дің жерде қалған күні жоқ. Оның үстіне мүлік бөлісу барысында ар мен ұятты қан¬ша ұмытты десек те, сөзге тоқтаған ел еді. Тар¬ғыл бұқа күні кешегі айдарынан жел ес¬кен, бүгін шаңырағы ортасына түскен «Со¬циализм» сапқозының заңда да, өмір¬де де жоқ, алайда, ауызекі сөзде бар балансында қала берді, ақыры…
ДЕССИДЕНТТІҢ АҚЫРЫ
Дәл сол сәттен, сол минөттен ауылдың же¬кеменшік негізіндегі қазақша капи¬та¬лизмі басталып жүре берді. «Социализм» сапқозымен бірге социализм идея¬сының өзі де күн өткен сайын көмескіленіп, ұмы¬ты¬лып бара жатты. Бұл төңіректе өз за¬ма¬нында осы аттас ірі шаруашылық бол¬ғанын әйгілеп, ауылға кіре беріс жол жиегінде «Социализм» сапқозына қош келдіңіз!» де¬ген жазуы бар алабаған ғана жатты қи¬сайып. Қисаймайтын реті де жоқ. Таңертең өріске кетіп бара жатып та, келе жа¬тып та осы ауылдың тамам сиырының әлгі бағанға керіліп-созылып, ұзақ-ұзақ сүй¬кенетін ғадеті бар еді. Сәйгелден қал¬ған қотырдың айызын қандырар қарайған зат кеңқолтық қазақ ауылында екібастан аз емес. Алайда, сиыр атаулының басқа заттың бірін көзге ілмей, әлгі алабағанға ғана өршелене, өшіге сүйкенетіні қызық-тұғын. Күнде таңертең сиыршы Доңқабақ қарасанкелгірлерді сүт пісірім уақыт бойы боқтана қуып, алабағаннан әзер ажы¬ра¬татын-ды.
Күндердің бір күні бес жүз сиырдың жаз бойғы изең-изеңінен түбі қопси бас¬тବған алабағанға езуінен сілекейі шұбыра гү¬жілдеп, «Социализмнің» жекешеленді¬ріл¬мей қалған дессидент бұқасының келе қалғаны. Тоннаға жуық салмаққа шыдайтын қауқар қайда?! Тарғыл бұқаның әукесі салбыраған қыртыс-тыртыс жуан мойыны жақындар-жақындамаста «Социализмнен» қалған соңғы белгі қисалаң етіп құ¬лап түскен. Жобасы, тарихи оқиғаның жү¬зеге асуы да қас-қағымдық шаруа. Дессидент бұқа онсыз да күні өтіп, ел санасынан шығып бара жатқан «Социализм» сапқозын архаизм ауылына біржола аттандырды да жіберді. Өз кезінде социализм деген формацияның, оның «Социализм» деген сапқозының болғанын да ел ұмыта бастағандай еді.
Мал соңында зерігіп жүріп «Социализм» турасында Доңқабақтың да ара-тұ¬ра ойланатыны бар. Саясатта о бастан шаруасы шамалы. Шаруасы болған күнде де ол шіркініңді «Социализмнің» соңғы пар¬торгі Данышпановтың ауыл медпунк¬т¬ін¬де істейтін баяғы Саясат атты шөп¬желке қызы деп қана ұғады ғой. Доңқа¬бақтың сағынатыны «Социализмнің» айы¬на екі мәрте берілетін жалақысы. Сол болып тұрса, сиыршыға Саясаттың да, оның парторг әкесінің де құны көк тиын. Қазіргідей өзі далада арып-ашып сиыр бағып жүр¬ген¬де әйелі жекенің малының төле¬ма¬қысын сұрап, әр босағаға телмір¬мейтін зବман оның түсінігінде шынында да та¬ма¬ша-тұғын.
Доңқабақ осы ауылдағы әр отырыстың, әр батаоқырдың шаңын шығаратын «социализм неден құлады?» деген қазақша дискуссияның талайын көзбен көріп, құлақпен естіп те жүр. Атқамінерлер осы әңгіме басталар-басталмаста «бәріне сайқал Саясат кінәлі!» деп өрекпісіп жата¬ды. Доңқабақ олай ойланып, бұлай ой¬ланып, ақыры, әлгілердің Данышпановтың бесіктен белі кеше шыққан қаршадай қызын не үшін кінәлайтынын түсінбей-ақ қой¬ды. «Қаршадай қыздың қай жері сай¬қал?» деп дал болып отырады да қоя¬ды. Дискуссияның жуан ортасында Даныш¬па¬н¬овтың өзі де жүреді Құдай ұрғанда… Ол да жұртқа қосылып алып, өз қызын өзі… иттен – ары, кісіден – бері қылып тілдейді-ай, әкесінің көрі… «Саясат – анандай!», «Сая¬сат – мынандай!», «Саясатты өзгерту ке¬рек! «Социализмнің» іргесін қайта ны¬ғайту керек!» дейді бұрынғы парторг өзеу¬реп. Өзеурегенде де тым қатты-ақ кетеді. «Сай¬қал Саясат өзгермесе заман өзгер¬мей¬ді!» деп және шегелейді әй, әттеген!
Бұл жердегі социализмнің сапқоздың аты емес, бұл жердегі әңгіме тұтас қоғам¬дық формация туралы екенін Доң¬қабақ екі дүниеде білмей өтпек-ті. Өзінше түсі¬ніп, өзінше ұғады. Бажайлап тыңдап отырса, масқара! Өзі іштей жақсы көретін, айына тұрақты түрде екі мәрте жалақы төлейтін «Социализмді» дәрігер қыз Саясат құлатыпты, әй!.. Парторг әкесін тыңдап отырса… «Социализм» бірден құламаған. Саясат оны алдымен «іштен ірітіп», жүн түт¬кендей түте-түтесін шығарып жүріпті, әй! «Онан өткен қандай сайқалдық, қан¬дай екіжүзділік керек саған?!» деп Данышпанов және шегелейді. Әрі соны айтқанда мұрты едірейіп, танауы сәйгел тиген та¬наның танауындай делдиіп кетеді. Тіпті айтуға аузың бармайды сірә да! Парторг әкесі «Саясат дегенің – жәлләп қатын!» де¬генді беті шылп етпей-ақ айтып сал¬ған¬да Доңқабақтың жел қақты жүзі еркінен тыс ду етіп, алқақотан жұрттың арасынан Сая¬саттың мамасын, яғни Данышпан¬овтың қа¬тынын іздейді қабақ астымен. Даныш¬пановтың қатыны болса, қаперінде түк жоқ, ақ тер-көк тер болып, шәйін ішіп отырады рахаттанып. «Соған қарағанда қызының бұзылып кеткені… рас та шығар-ау, өзі?!» деп бір түйеді Доңқабақ сиыршы.
Мал құлағы – саңырау, үйден ұзаған қыз¬ға с嬬нім бар ма, сірә да?! Бәлекет қыз Ал¬матыда жеті жыл оқығанда жәй жүр¬мей… папасына да, мамасына да сездірмей… сациализмнің түте-түтесін шығарып… құртып жүріпті, әй!.. Бәле-ай, ә?! Қайта-қайта, күндіз-түні… түте берген соң сациализм байғұста не жан қалсын?! Саясат қыз Алматыда жеті жыл оқығанда әкесінен гөрі, сациализмінің… жанын шығарып, шаруасын бітіріп оралыпты… Әй, бәле-ай, ә?!
Доңқабақ сиыршы күні кеше бір уыс дәріні су тегін әкеліп берген дәрігер қызды жаманатқа қи¬май, іштен тынып отырғанда, медпункт меңгерушісі Сая¬сат Данышпанованың өзі аяғы-аяғына тимей зырылдап, үй-үйде аусылға қарсы вакцина егіп, ты¬ным таппай жүретіні тағы рас. Зығырданың қай¬най ма, қайнамай ма?
Отырыс, мәжілістің бәрінде де Доңқабақтың аяқ-табақтың босаға тұсында тұрақты, төл орыны бар еді. Сол жерде сыйлы қонақтарға ет турап, сор¬па әперіп қана отыратын малшы Доңқабақтың бар-жоғы аса біліне де бермейтін. Қанша жуас, елеу¬сіз десе де Доңқабақтың да мың сәттің бірінде тоңқ ететін табиғи тоң мінезі бар-ды. Данышпанов өз қызын өзі «сайқал, алдамшы!» деп сыбап жат¬қан кезекті бір отырыста шыдамай кетіп әңгімеге оқыс араласқаны.
– Оу, көке! Тоқтатыңыз! «Социализмнің» құлауы¬на Саясаттың түк қатысы жоқ!..
Сиыршыдан мұндай тосын сөз күтпеген Данышпанов енді болмаса шашалғандай екен – аузына апара берген бір кесе сорпасын жерге қоя салып, бұған бүкіл денесімен бұрылған. Жақсы оқушымен бірге жаман оқушыны да қажымай-талмай, алаламай оқытқан күні кешегі мұғалім еді. «Әй, осының сөзін қойшы!» деп қолын бір-бір сіл¬теп, қаннен қаперсіз отырғандарға қосылмай, Доң¬қабаққа шын бейілімен назар салсын.
– Ал-л-л, сонда сеніңше кімнің қатысы бар?
– Ең алдымен, көке, сенің… сіздің қатысыңыз бар…
– Ал-л-л?..
– Алдымен сіз бен жеңешем болмаса, Саясат өмірге келмес еді?
– Ал-л-л?..
– Өзің өмірге келтірген балаңды өзің тілдейсің, көке!.. Обал-сауап қайда?!
Данышпанов әңгіменің төркінін енді ұғып, қарқылдауға шақ қалған. Алайда, сиыршының онан кейінгі сөзі бұрынғы парторгтың езуіне үйіріле берген күлкіні шыққан жеріне қайта қуып тықты.
– Осы Саясатжан туғанда жеңгемнің қал¬жа¬сы¬на деп жаясы жайқалған семіз қоңыр өгізді «Социализмнің» табынынан таңдап жүріп алдырып, сойдың емес пе? Сойдың!
– Ал-л-л?..
– Содан «Социализмнің» малы бір басқа кеміді емес пе? Кеміді!
Жұрт мәселеге енді-енді түсініп, әр тұстан мырс-мырс күлкі естілген. Кеш болса да бір ұрлы¬ғы¬ның сыры ашылып қалған бұрынғы парторг қи¬пақтай бастады.
– Оу, онда мен сапқоз бағасы бойынша болса да қоңыр өгіздің құнын өтедім-ау деймін?..
Ұры атанғанның несі жақсы, Данышпанов бір құт¬қарса осы құтқарар деген үмітпен бас есепші жақ¬қа бұрылған. Сенген есепшісінің өзі тамам жұрт¬қа қосылып алып, иығы селкілдеп күліп отыр екен. Данышпановтың Данышпанов екені рас бол¬са, оқиғаның даму барысын дәл осы жерде шұ¬ғыл өзгертуі керек еді. Солай болды да.
– Тыңда! – деді Данышпанов Доңқабаққа, Ит жылғы мұғалімдік дағдысы қайта оянып. – Сен айтып отырған Саясат – менің қызым, осы ауыл¬дың дәрігері. Ал мен айтып отырған саясат, ол – сая¬сат! Түсіндің бе? Мен айтқан саясат елді, дү¬ние¬ні басқарудың құралы. Біз менің қызымды емес, сол саясатты кінәлап отырмыз. Ал социализмге келсек, ол да солай! Енді ұқтың ба?!
Доңқабақтың доғал жаратылған түсінігіне Да¬ныш¬пановтың бес жүз коммунисті намазға ұйы¬ғандай ұйытатын ораторлық, ұйымдастыру¬шы¬лық һәм тәлімгерлік қасиеттерінің де дәурені жүрмеді. Сиыр¬шы жағалай тыңдап отырған елдің есін онан әрі шығарып:
– Көкетай-ау, қаршадай қыздың «Социа¬лизм¬нің» құлауына бәрібір түк қатысы жоқ қой! – дегені.
Данышпанов не күлерін, не жыларын білмей, отырған орнында отырып қалып еді.
– Ғажап! – деген ол.
– Ғажап! – деген ол қайта қайталап.
***
Бұл ауылда аумалы-төкпелі замананың дәргейі жүрмейтін екі мықты бар еді. Доңқабақтың жәйі белгілі. Анасынан қайта тумаса өзгеруі екіталай сиыршыға Данышпановтың дәрістерінің, ағыл-те¬гіл үгітінің еш әсері болмайтынын бұл ауылдың ең¬¬бектеген баласына дейін біледі. Ал дүние жаппай капиталистік сипат алып, қалған тұста жеке¬ше¬лендірудің сан түрлі айла-шарғысынан аман өтіп, аты – бар, зады – жоқ «Социализмнің» мен¬шігінде қал¬ған тарғыл бұқа тіптен ғажайып нысан-тұғын. Бі¬рін-бірі алмастырған кереғар екі фор¬мацияның екеуін де мойындамай, социалистік қоғамда – жекеменшіктің, ал нарықтық заманда мөрі алынып, құжаты архивке өткен «Социализм» сапқо¬зы¬ның балансында қалған дессидент бұқа ағымдағы тір¬¬шілікке мүлдем сәйкеспейтін ерекше түлік еді. Дәл қазір бұл ауылда тарғылдан басқа мемлекеттік ны¬¬санның әммесінің басыбайлы қожасы бар. Қо¬жବсы болғандықтан іздеушісі, жанашыры бар. Кବпиталистік қоғамға аяқ басқан қазақ ауы¬лын¬да¬ғы бірден-бір мемлекеттік мүлік – тарғылдың бар-жоғын да елі ұмыта бастаған-ды. Аусыл дер¬тінің асқынған бір тұсында әркім-әркім қара малына дертке қарсы вакцина еккізіп жатқанда да социа¬листік бұқаны есіне алған тірі пенде болмады.
Жайшылықта әр қораға бір түнеп, иесі бар мал¬дан қалған қырқынды шөпті жеп жайына жүре¬тін дессидент бұқаның бір күні кеңсе алдындағы күл-қоқысқа келіп, көсіліп жатып алғаны. Жануар сол жатқаннан мол жатты. Бір күн жатқан. Екі күн жат¬қан. Тарғылды көзіне ілген тірі пенде болмады. Үшін¬ші күні әукесін күлге төсеген бұқа қимылсыз қал¬ды. Жұмыссыз қазақ ауылы үшін бұл да ерекше жаңа¬лық, оқиға. Ақыры, мал дәрігері жануардың қанын тексеріп, «вакцина егілмегендіктен бұқа аусылға ұрынған» деген кесімді сөзін айтты. Бұл ауыл үшін «бәленше курортқа барам деп СПИД жұқ¬тырып келіпті» дегенге пара-пар жаңалық. Осы¬ның алдында ғана тарғыл бұқаны жеке¬ше¬лендіріп алмақ ниетімен бас қосып, бір-бірімен жа¬ға жыртысуға дейін барған ауыл тұрғындары қай¬та жиналған. Баяғы Дәметкен, сол баяғы бригадир мен мал дәрігері, молда мен парторг һәм Доң¬қабақ сиыршы. Өткен жолы тарғылды меншік¬теп алуға барын сал¬ғандардың екі дүниенің ө볬ବрବ¬сын¬да жатқан бұқадан, аш пәледен – қаш пәле, қара бастарын ала қашқандары да қызық еді.
– Мына қарасанкелгір СПИД болған еркекше бүкіл сиырды бүлдіретін болды! Не істесек екен? – деп бригадир мал дәрігеріне қараған.
– Бұзау күнінен көксүтпен асыраған сен едің ғой! Қораңа қамап күтімге алсаң қайтеді? – деген мал дәрігері Дәметкенге, тайсақтай тұрып.
Дәметкеннің де жауабы дайын екен:
– Толғатып жатқан сиырдан аман-есен тудырып алған өзің емессің бе?! Сенің қораңа қояйық та? – дегені.
– Мешітке берейік. Құрмалдыққа шалсын, – деген енді біреу.
– Ауру малды Құдайы құрмалдыққа шалуға бол¬майды. Шариғатқа қайшы! Құрмалдық шал¬ғыш¬¬тарын бұлардың! – деп молда да ашу ша¬қыр¬ды.
– Басқа малдың амандығы үшін өртеп жіберу ке¬рек! – деп кеңес берді Данышпанов.
Алайда, Данышпановтың бұл ұсынысына тағы да молда қарсы шықты.
– Тірі малды өртегенді қай мұсылманнан көріп едіңдер? Алдымен бауыздаңдар. Қалғанын сосын көрерміз.
Жұқпалы аусылға шалдыққан тарғыл¬дың ма¬ңына жанынан түңілген біреу болмаса, жо¬ламауға тиісті еді. Намазға асығулы молданың да бауыздау батасын жылдамдатып беріп жібер¬ге¬ні. Алайда, тарғылды бауыздауға құлшынып шық¬қан адам болмады.
– Бауыздау батасын беруін бергізіп алып, бұл тұ¬рыстарың не, түге?! – деп молда ашу шақыр¬ған.
Алайда, жұқпалы кеселі бар тарғылға жақын¬дар жүрекжұтқан табылмады. Данышпанов қабағының астымен Доңқабаққа қараған. Жер-көкті жаулай бастаған демократияның әсері шығар, өмірі бас¬шы¬лыққа қарсы жарты ауыз сөз айтып көрмеген Доң¬қабақтың дәл осы жерде оқыс қылық таныт¬қа¬ны.
– Осы тарғылды жекешелендіріп алам деп бір-біріңді итше талағандарың кеше ғана емес пе еді?! Қазір бәрің де ауруы жұғып қалар деп қашқақтап тұрсыңдар! Тарғыл бұқаның сендер қорқатындай тү¬гі де жоқ! Оны да сендерге дәлелдеп берем! Жан¬уар он бес жыл бойы қораңды бұзауға, қа¬ры¬ның¬ды сүт пен майға тойдырып еді. Енді келіп қаш¬қақтайсыңдар түге!
Жайшылықта аузынан сөз шығару қиын Доң¬қа¬бақтың «тап, әкеңнің…» деп әлдекімді оңдырмай бір боқтағаны. Алайда, оған басу айтуға дәл осы жо¬лы ешкімнің де жүрегі дауалай қоймады. Жуас адам¬ның ашуы жаман, тарғыл бұқаны әп-сәтте сой¬ған Доңқабақ елді айран-асыр қылып, дәл сол жер¬де әйеліне табан қазан қуырдақ қуыртқан. Мы¬на ғажайыпты көруге алақандай ауылдың жас-кә¬рісі тегіс жиналды. Қуырдақ дайын болған тұста ата¬ғы дардай жерлестерінің пендешілігіне назалы Доң¬қабақ жұрт күтпеген оқыс мінез көрсетті.
– Ал қане, күні кеше жекешелендіріп алам деп биттеріңді салған тарғыл еді ғой, жайғасып отырып, қуырдағын татыңдар! – деген Доңқабақ.
Аусыл жұқтырудан қорқулы жұрт жағасын ұстап, кейін шегінген.
– Тарғылдың басы – сіздікі! – деген ашулы сиыршы Данышпановқа қарап. – Осы ауылдың төрі мен сыйлы басынан бастартпаушы едіңіз. Неге тар¬тынасыз?! Жамбасы – мәртебелі малдәрі¬гері мен біргәдірге! Қане, қане, жақындаңдар, жақсы мен жайсаң!
Қап-қара болып түтіккен Данышпанов төмен қа¬раған. Малдәрігері де жер шұқып отыр екен.
– Ә-ә, солай ма?! – деген сиыршы. – Күні кеше ғана жекешелендірем деп жандарыңды салған тарғылдан неге қашқақтайсыңдар? Ауруы жұғады деп тұрсыңдар ғой. Тарғылдың ауруы сендердің ауру¬ларыңның қасында түк емес! Нағыз мерез – сен¬дерсіңдер!..
Бұл сөз бостандығын қойсаңшы, Доңқабақты мұн¬дай шешен деп кім ойлаған?! Әй, бір көсілді дей¬сің! Данышпановтан бастап, бүкіл игі жақ¬сының ит терісін басына қаптаған. Соңғы 15-20 жылдың ішін¬дегі осы ауылға тән пендешілік оқиғалардың бә¬рін алдарына жайып салған.
Данышпанов еңсесі түсіп, төмен қарап жер шұ¬қып отыр. Малдәрігері алқалы топтан жылыс¬тап, қарасын батырды. Сөйтіп, тарихта «өтпелі ке¬зең» деп аталатын сәттің осы ауылдағы соңғы нүк¬тесін басқа емес, сиыршы Доңқабақ қойған. Ол да қазақша демократияның арқасы. Енді ауыл¬дың кемел капитализмі басталмақ. Оны да көріп алармыз…
Тарихи миссиясын орындаған Доңқабақ зеңгір ас¬панға қараған. Күн шайдай ашық еді. Шексіз де шет¬сіз кеңістікте көзге ілінер қара жоқ. Көпшілікке ұзақ қарап, көзі талған Доңқабақ тылсымды көкті сү¬зіп өткен. «Көкжиектің ар жағында да ел бар ма екен, осы? Болған күнде де дәл біздің ауылдай емес шығар-ау, сірә да?!».