Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сапалы ауыз сумен жабдықтау мәселелері талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Сапалы ауыз сумен жабдықтау мәселелері талқыланды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекенов пен Талғат Жүнісовтың қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Кеңесте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев баяндама жасады. Баяндамада және облыс әкімінің сөзінде бірқатар аудан және қала әкімдері осы салада жол берілген олқылықтары үшін сынға ұшырады.

– Облыс қалаларында сумен жабдықтауда қолжетімділік – 95,3 пайызды, ал, ауылдық елді мекендерде – 93 пайызды құрайды. Өткен жылдан бері жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысында Бурабай, Ерейментау, Есіл, Целиноград, Атбасар, Зеренді, Жақсы, Бұланды және Аршалы аудандарында жоспарланған 19 жоба іске асырылмаған. Ағымдағы жылы 45 жобаны іске асыру, сондай-ақ, 15 кешенді блок-модуль орнату жоспарланып отыр. Жекелеген өңірлерде жұмыстарды жүргізу кестесінен артта қалу қаупі бар, конкурстық рәсімдер жүргізілмеген, техникалық қадағалауды айқындау бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленбеген, мұның бәрі аудан әкімдіктері тарапынан бақылаудың әлсіздігі, – деп хабарлады ведомство басшысы.

Айта кетейік, өңірде 2025 жылға дейін 65 ауылда су құбыры желілерінің құрылысын жүргізу қажет.

Кеңесті қорытындылай келе, облыс басшысы басқарма мен бірқатар аудан әкімдіктерінің осы тұрғыдағы әлсіз жұмысын атап өтіп, 2025 жылға дейін сумен жабдықтау және су тарту жобаларының іске асырылуын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

– Біздің алдымызда тұрған стратегиялық міндеттердің бірі – халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету. Сумен жабдықтау проблемалары біздің облыстың көптеген өңірлерінде бар. Іске асырылмаған жобаларды орындау үшін облыстық бюджеттен қаражат іздеуге мәжбүрміз. Осыған байланысты, жоспарлы тапсырмаларды орындамаған әкімдерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені түбегейлі шешетін боламыз, – деп атап өтті өңір басшысы Ермек Маржықпаев.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар