Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті көлік қызметкерлері!

Шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің сөздерінде үнемі Қазақстан экономикасында көлік саласының маңызы мен рөлі ерекше екендігін баса атап көрсетіп отырады. Біздің бүгінгі өмірімізді автомобиль, автобус, жүк, темір жол және әуе техникасынсыз көз алдымызға елестетудің өзі қиын. Күн сайын миллиондаған көлік құралдары адамның тыныс-тіршілігінің барлық қырларының қалыпты өрбуін қамтамасыз етеді, қалалар мен елдерді бір-бірімен байланыстырып, өмірлік маңызы бар салалардың үздіксіз дамуына ықпал етеді. Жүктерді уақытында жеткізу, жедел көмек көрсету, көлік сұлбаларын нақты үйлестіру, жұмысты шұғыл және апатсыз ұйымдастыру – көлік саласы қызметкерлерін азаматтар міне, сол үшін құрметтеп, бағалайды.

Біздің аймақта көлік саласының дамуына ерекше көңіл бөлінеді. «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде қазірдің өзінде мыңдаған шақырым автомобиль жолы мен темір жол жаңартылды және жаңадан төселді. Тек Ақмола облысында ғана соңғы 10 жылда 1000 шақырымнан астам автожол қайта жөндеуден өткізілді. Елді мекендердің көшелеріндегі жол желілері жаңартылып, жаңа сандық технологиялар енгізілуде, маршруттық бағыттар қосылып, саланың материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Мұның өзі тұтастай алғанда, автомобиль, темір жол және әуе транспортында жолаушылар тасқыны мен жүк тасымалдау көлемінің артуына ықпал етіп келеді.

Сала еңбеккерлері стратегиялық жағынан маңызды міндеттерді шешуге айтарлықтай үлес қосуда. Сіздердің жұмыстарыңыз күн сайынғы ауыр қызметтен, адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін үлкен жауапкершіліктен тұрады.

Өздерінің сүйікті мамандықтарына көп жылдарын арнаған жүк және жолаушылар транспорты ардагерлерінің тәжірибесі баға жеткізгісіз. Тамаша еңбек дәстүрлерін сақтай отырып және ілгері апара түсіп, Сіздер саланың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге ұмтыласыздар, өздеріңізге лайықты  ізбасарлар тәрбиелеп келесіздер.

Ерен еңбектеріңіз бен мақсаткерліктеріңіз және іске шынайы берілгендіктеріңіз үшін сіздерге алғыс айтамын. Шын жүректен өздеріңізге және жақын туыстарыңызға мықты денсаулық, бақыт пен шаттық, алға қойылған міндеттерді шешуде табыс тілеймін!

***

Құрметті көлік саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

 Ақмола облысының депутаттық корпусы атынан Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Көлік қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Тасымалдау саласы мемлекетіміздің және Ақмола өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын алады. Көлік кешенінің арқасында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда кәсіпорындарының тұрақты жұмысы, халықтың үздіксіз қозғалысы қамтамасыз етіледі, қалалар, аудандар, елді мекендер арасында тұрақты байланыс жүзеге асырылады.

Көлік саласының еңбеккерлері ел экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін зор құрмет пен ризашылыққа лайық. Көп жылдар бойы саланың қалыптасуына күш-жігерлерін аянбаған және лайықты ізбасарлар тәрбиелеген ардагерлерге ерекше алғысымды білдіргім келеді.

Осы саласының барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ, күн сайын облыс жолдарына шығатын мыңдаған жүргізушілерге зор денсаулық, мол бақыт, амандық пен молшылық, сәтті сапар мен қауіпсіз жол тілеймін!

 Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар