Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Агроөнеркәсіпті дамыту: Атбасарда бірқатар инвестжоба жүзеге асырылуда - АРҚА АЖАРЫ

Агроөнеркәсіпті дамыту: Атбасарда бірқатар инвестжоба жүзеге асырылуда

– Атбасар Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласы қатар дамыған іргелі аудандардың бірі саналады. Ауданда агроөнеркәсіптің дамуына елеулі үлес қосатын бірқатар инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжановтың мәліметінше, өңірде агроөнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді.

«Мемлекет басшысы Жолдауда алға қойған міндеттерге орай, аудан әлеуметтік экономикалық дамудың барлық салаларына жете көңіл бөліп, жыл сайын жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Өнеркәсіп саласы біршама жақсы қарқынмен дамып келеді десек, аудан экономикасының негізі – аграрлық сала, оның ішінде егіншілік. Осы орайда, атбасарлық диқандар биылғы жылдың көктемгі егіс науқанын белгіленген уақытта зор ұйымшылдықпен сапалы өткізді. Тиісті тұқым қоры жасалып, жеңілдетілген бағамен жанар-жағар май сатып алынды және науқанға қажетті техника жұмысқа әзірлік сапына қойылып, осының нәтижесінде тұқым себу науқаны белгіленген уақытта қысқа мерзімде аяқталды», – дейді аудан әкімі Аманбек Қалжанов.

photo

 

Аудан басшысы атап өткендей, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында аудан аграршылары 8 млрд 410 млн теңгенің өнімін өндірген. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 17 пайызға жоғары. Жалпы өнім индексі 101,6 пайызды құрап отыр.

«Ауданда мал шаруашылығы саласы да жақсы қарқынмен дамып келеді. Мал басы артуда. Қазіргі күні аудан шаруашылықтарында 54,9 мың бас қой мен ешкі, 17,3 мың бас жылқы бар. Қой саны өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға, ал жылқы 11,9 пайызға өсті. Сонымен бірге 30,9 мың бас ірі қара және 9,7 мың шошқа бар. Жыл басынан 3250 тонна ет, 12 409 тонна сүт өндірілді. Ет өндіру өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайыз, ал сүт өндіру 3 пайызға артты. Сондай-ақ осы кезеңде 4,3 млн дана жұмыртқа өндірілді», – деп толықтырды Аманбек Қалжанов.

photo

 

Сонымен қатар Атбасар ауданында 2023 жылы жалпы көлемі 5 млрд 250 млн теңгені құрайтын 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

«Бұл жобалардың қатарында агроөнеркәсіп саласының дамуына елеулі әсер ететін «Бидай Агро Траид» серіктестігінің астық сақтау қоймасы, «Арман Атбасар Агро» серіктестігінің наубайханасы, «Шуиское ХХІ» серіктестігінің көкөніс сақтау қоймасы сияқты ірі жобалар бар», – деп түйіндеді аудан әкімі.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында канадалық технология бойынша сүт фермасы салынып жатқанын жазған едік.

 

photo

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар