Ағымдағы жылы тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 263 тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінді.
Өңірлер бойынша Ақкөл – 16, Аршалы – 7, Астрахан – 5, Атбасар – 17, Бурабай – 24, Бұланды – 11, Біржан сал – 4, Ерейментау – 10, Есіл – 6, Жақсы – 4, Жарқайың – 5, Зеренді – 7, Қорғалжын – 2, Сандықтау – 3, Целиноград – 10, Шортанды – 6, Степногорск – 23, Қосшы – 2, Көкшетау – 101 үй сатып алу көзделген.
Қазіргі уақытта 19 тұрғын үй сатып алынды, оның ішінде Ақкөл ауданына екі, Астрахан, Зеренді, Есіл аудандарының әрқайсысыүш үйден, Жақсы, Сандықтау аудандары бір-бір үйден, Степногорск қаласыалты үй сатып алды. Ал, қалған өңірлер бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтар аталған пәтерлерді алу және бөлу мәселелері бойынша аудандық, қалалық әкімдіктердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдеріне жүгіне алады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.