Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Іске сәт, ақмолалық диқандар! Ырыздық жолында әр ашық күн тиімді пайдаланылсын! - АРҚА АЖАРЫ

Іске сәт, ақмолалық диқандар! Ырыздық жолында әр ашық күн тиімді пайдаланылсын!

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен және сөз сөйлеуімен Жақсы ауданының Белағаш ауылында алдағы егін орағы науқанын ұйымшылдықпен өткізу мәселелеріне арналған облыстық ауыл шаруашылығы кеңесі болып өтті. Кеңеске облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері, аудан, қала әкімдері, ауыл шаруашылығы ғалымдары қатысып, егін жинау науқанына дайындық және облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізгі міндеттерін талқылады.

Жалпы, ауыл шаруашылығы кеңесіне 120-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты. Олар үшін мәдениет үйінің фойесінде өнім үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды.

– Көрмеге біржылдық және көпжылдық шөптер мен бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тұқымдарын ұсынамыз. А.И.Бараев атындағыастық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы бидайдың, сұлының, арпаның және басқа да дақылдардың жаңа сорттарын өсіруде, барлығы 104 сорт сертификатталды, – деп хабарлады жаздық жұмсақ бидай селекциялық зертханасының меңгерушісі Елжас Қайыржанов. – Бидай бұрынғысынша сұранысқа ие дақыл. Ақмолалық диқандар «Шортанды 95», «Ақмола 2», «Астана» сияқты сорттарды таңдайды. «Шортанды 2012», «Шортанды 2014», «Астана 2» сорттары да өзін жақсы жағынан көрсетті.

Е.Қайыржанов қазіргі таңда сынақтан өтіп жатқан, бірақ қазірдің өзінде жақсы нәтиже көрсетіп отырған жаңа «Таймас» сортына тоқталды. Дән 90-95 күнде піседі, өнімділігі жоғары, құрғақшылық пен ауруға төзімділігімен ерекшеленеді. Оның айтуынша, жаңашылдық «Белағаш» ЖШС егістік алқаптарында да бағаланып үлгерді.

«Eurasia Group» ауыл шаруашылығын басқару департаментінің басшысы Евгений Чесноков ауыл шаруашылығын цифрландыру саласындағы озық технологияларды таныстырды:

– Біз навигациялық жүйелер мен көлік құралдарын қадағалау жүйелерін ұсынамыз. Метеостанциялар ауыл шаруашылығы саласында сұранысқа ие, сонымен қатар, біздің жаңалығымыз – топырақ анализаторы.Ендігі жердефермер жетіспейтін заттар мен тыңайтқыштарды дер кезінде жасау үшін топырақтың құрамына өз бетімен талдау жасай алады. Сондай-ақ, дрондар да сұранысқа ие. Егістерді айналып ұшу қазіргі жағдайдың толық бейнесін алуға және болашақ егінді болжауға мүмкіндік береді.

Аграрлық кеңестеөңір басшысы Ермек Маржықпаев шараны өткізу орнының кездейсоқ таңдалмағанын атап өтті. Жақсы ауданының жетекші ауыл шаруашылығы– «Агрофирма ТНК» ЖШС өсімдік шаруашылығында ғана емес, мал шаруашылығында да заманауи технологияларды қалай қолдану керектігіне үлгі бола алады.

Кеңеске қатысушылар агрофирма қызметінің нәтижелерін өздері бағалай алды. Іс-шара аясында кездесуге қатысушылар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу нысандарының – «Урожай» ЖШС, «Айбат» ЖШС-да болды, сондай-ақ, «АгроКомплексЭксперт» ЖШС агрохимиялық зертханасы ауыл шаруашылығы фирмасының жұмысымен танысты. Экономиканың барлық салалары мамандарының жақсы үйлестірілген іс-әрекетітұрақты кірісті қамтамасыз етеді және даму перспективаларын айқындайды.

– Біздің облыста қазақстандық астықтың төрттен біріне жуығы өндіріледі. Бұл еліміздің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етіп, жыл сайын екі миллион тоннадан астам астықты экспорттауға мүмкіндік береді. Біздің алдымызда қолда бар әлеуетті сақтап қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру міндеті тұр. Ол үшін ауыл шаруашылығының көлемін ұлғайтып, оның ішінде инновацияларды пайдалана отырып, өнімділікті қамтамасыз ету қажет, – деді Ермек Боранбайұлы.

Өңірде мал шаруашылығын дамыту жалғасуда. «Макинск құс фабрикасы», «Ақ-Дала Агро» және «Астраханская птица» серіктестіктері сияқты ірі кәсіпорындардан басқа тағы алты құс фермасын ашу жоспарлануда. Бұл қосымша қуаттылықты 20 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді. Ет өндіру қазір 106,4 мың тоннаға жетті.

Аймақ басшысы кеңеске қатысушылардың назарын әдеттен тыс ыстық жаз, жауын-шашынның аздығы, ақбөкендердің жайылымды басып алуы, көршілес елдердегі саяси жағдай сынды түйткілді мәселелердің кең ауқымына аударды. Бұл факторларды да ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші әрбір адам ескеруі қажет.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов көктемгі дала жұмыстарының тұтас кешені мен егінді уақтылы күтіп-баптау бүгінгі күні облыста дәнді дақылдардың 45,4 пайызы мен тағықанағаттанарлық жағдайдағы  50,4 пайызын жақсы жағдайда ұстауға мүмкіндік бергенін атап өтті. Облыстың барлық дерлік аудандары тамыз айының екінші онкүндігінде жаппай жинау жұмыстарын бастайды.

– Егін жинауға 8,9 мыңнан астам комбайн қатысады, оның ішінде 4,7 мыңнан астамы заманауи жоғары өнімді агрегаттар. Бүгінгі таңда техника 100 пайыз дайын. Мемлекет тазалау жұмыстарын жүргізу үшін 90,5 мың тонна арзандатылған дизель отынын бөліп отыр. Астық қабылдауға жалпы сыйымдылығы 4,7 миллион тонна 71 астық қабылдау пункті қатысады, – деді Кенеш Әлімжанов.

– И.А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры Тимур Савинаграршылардыегін жинау науқанын ұйымдастыру стратегиясымен хабардар етті.Сондай-ақ, кеңесте «Агрофирма ТНК» ЖШС бас директоры Батырбек Уәлиев, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Қанат Айтқожин, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғылым докторы Әбілжан Хұсайынов және «Ecosystem servisec» ЖШС басшысы Дәулет Егембердиев сөз алды. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және жинау ерекшеліктері, заманауи технологияларды қолдану, сонымен қатар, мәдени өсімдіктерді арамшөптер мен зиянкестерден қорғау жолдары талқыланды.

Аграрлық кеңесті қорытындылаған облыс әкімі ұйымдастыру мәселелерінің дер кезінде шешілуін, бюджет қаражатының уақтылы және сапалы игерілуін қамтамасыз етуді, астық және тауарлық несиелерді форвардтық сатып алу бағдарламалары бойынша несиелік қаражаттың толық өтелуін талап етті. Сөз соңында өңір басшысы барша ауыл тұрғындарының орақ науқанын сәтті өткізіп, мол өнім алуларына тілектестігін білдірді.

Кеңеске қатысушылар ауыл шаруашылығы кездесуінен бөлек, «Агрофирма ТNК» ЖШС салған әлеуметтік нысандарды, оның ішінде Жақсы ауылындағы мешітті, «Jaqsy»сауда үйін, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, шаруа қожалықтары қызметкерлеріне арналған тұрғын үйлерді және тағы басқа құрылымдарды аралап көрді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Наталья ЯКОВЛЕВА.

Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар