Жақсы ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, жергілікті фермерлердің ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдаланбау фактілерін анықтады.
Талдау нәтижелері бойынша аудан әкімдігіне Ақмола облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізілді.
Прокуратура актілері бойынша уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар қажетті шараларды қабылдады және ағымдағы жылы мемлекетке ауданы 8 мың га, кадастрлық құны 58 млн.теңгеден асатын жайылым қайтарылды, ол ұзақ уақыт бойы тікелей нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмады.
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою жұмыстары жалғасуда. Аудан прокуратурасының шаралары бойынша уәкілетті орган 4 жер пайдаланушыға жалпы ауданы 5861 га жер учаскелеріне бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етті. Жер пайдаланушылар бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, учаскелер мәжбүрлеп алып қойылады.
Ақмола облысының прокуратурасы.