Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында 1 қыркүйекке дейін 5 мектеп пайдалануға беріледі - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында 1 қыркүйекке дейін 5 мектеп пайдалануға беріледі

– Ақмола облысында 1 қыркүйекке дейін барлығы 2092 оқушыға арналған 5 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Шокан Оразалин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының мәліметінше, 2023 жылы өңірде 101 білім беру нысанында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 9,3 млрд теңге бөлінген, оның ішінде 44 нысан күрделі жөндеуден өтеді.

«Барлық күрделі және ағымдағы жөндеулер бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілді, мердігерлер анықталып, жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру кестелері бекітілді. Жөндеу жұмыстарын аяқтауды оқу жылы басталғанға дейін жоспарладық. Бүгінде күрделі жөндеудің 4 нысаны және ағымдағы жөндеудің 38 нысаны бойынша жұмыстар аяқталды», — деді Шоқан Оразалин.

Осы ретте, биыл облыста 5 552 орындық 12 мектептің (Қосшы қаласында 1 200 орындық 2 мектеп, Шұбар ауылында 300 орындық, Өтеміс ауылында 120 орындық, Целиноград ауданы Жаңа жол ауылында 80 орындық, Аршалы ауданы Жалтыркөл ауылында 300 орындық, Көкшетау қаласында оқу тәрбие кешені 392 орындық, Көкшетау қаласында 1200 орынға, Степногор қаласының Бестөбе кентінде 300 орынға, Біржан сал атындағы ауданның Бұланды ауылында және Сандықтау ауданының Петровка ауылында 80 орынға, Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында 300 орынға), сондай-ақ Ақкөл қаласындағы №4 орта мектеп және Көкшетау қаласының №4 арнайы мектеп-интернатына 2 қосымша оқу корпусының құрылысы жалғасып жатыр.

«Оның ішінде 1 қыркүйекке дейін 2 092 орындық 5 нысанды, яғни Целиноград ауданының Өтеміс ауылында 120 орындық мектеп, Көкшетау қаласында 392 орындық оқу тәрбие кешені, Қосшы ауылында 1200 орындық мектеп, Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында 300 орындық мектеп, Ақкөл ауданының №4 орта мектебіне қосымша ғимаратта пайдалануға беру жоспарда бар. Сонымен бірге, жеке меншік инвестиция есебінен Қосшы қаласында 1 500 орындық мектеп пайдалануға берілді. Бұл нысандарды іске қосу Қосшы ауылында және Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында 3 ауысымдық оқыту мәселесін шешуге мүмкіндік береді», — деп түйіндеді Шоқан Оразалин.

Басқарма басшысы атап өткендей, білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар да жалғасып жатыр. Осы бағытта 600 млн теңгеден астам қаражы жұмсалды. Яғни, бейнебақылау жүйелері жаңғыртылып, дабыл түймелері мен турникеттер орнатылған.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында 24 білім беру ошағының құрылысы қолға алынғанын жазған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар