Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бүгінгі күннің талабы – жөндеу жұмыстарының сапасы мен қарқыны - АРҚА АЖАРЫ

Бүгінгі күннің талабы – жөндеу жұмыстарының сапасы мен қарқыны

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Ерейментау ауданына жұмыс сапарының басты мақсаты – әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын аралау болды.

Тайбай жалпы орта мектебінің ғимараты 1972 жылы салынған. Жобалық қуаты 460 орындық мектепте іс жүзінде 227 оқушы бар. Жақында ғимарат күрделі жөндеуден өтеді.

Мердігер «ГрадСтройСервис» ЖШС-мен жалпы сомасы 395 миллион теңгеге екі жылдық келісім-шарт жасалды. Биылдың өзінде шатырды ауыстыру, жылу жүйелері, су, кәріз, электр жабдықтары мен ішкі әрлеу жұмыстарына 219 миллион  теңге бөлінді.

– Бұл мердігер қазірдің өзінде жақсы беделге ие емес. Сондықтан, жұмыстың сапасы мен мерзімін бақылау өте маңызды, – деді Ермек Боранбайұлы.

– Ерейментау ауданында 25 мектеп бар болса, оның 16-сы шағын комплектілі мектеп, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Сәуле Куркина. – Күрделі жөндеу жұмыстары Олжабай батыр, Торғай, Сілеті ауылдарындағы мектептер мен Ерейментау қаласындағы Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебін де қамтыды. Сондай-ақ, Сілеті ауылындағы «Жұлдыз» балалар сауықтыру орталығы да бар. Бозтал ауылындағы «Болашақ» бөбекжай-балабақшасы мен мектептің жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда жұмыстың 90 пайызы орындалды. Жалпы, мектептерді жөндеуге 5 миллиард теңге бөлінді.

Ауданда мәдениет нысандарын жөндеуге көп көңіл бөлінуде. Ерейментау қаласындағы бұрынғы теміржолшылардың Мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғимарат іс жүзінде қираған болатын. Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу үшін «Иман» ЖШС-мен 366 миллион теңгеге келісім-шарт жасалды. Ғимараттың сыртқы келбеті толығымен өзгерген, ол қазір көз тартарлықтай.

– Ауылдық мәдениет үйінің жұмысымен қатар, балалардың жайлы ортада музыкалық аспаптарда ойнауды үйренуі үшін музыка мектебін осы жерге көшіру мүмкіндігін қарастырдық, – дейді аудан әкімінің міндетін атқарушы Баттал Ибраев.

–Сонымен қатар, 400-ден астам баланы қамтитын 30-дан астам үйірме ашуды жоспарлап отырмыз, – деп толықтырды облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова. – Тұрғындар үшін көп жылдар бойы Тайбай ауылдық клубының іске қосылуы арман болып келген. Ойламаған жерден ауылдан кетіп бара жатқан кәсіпкерлердің бірі үлкен дүкен ғимаратын әкімдік балансына берді. Сөйтіп, оны клубнысанына беру шешімін барлығы қолдады. Қазір мұнда «Тілек-2030» ЖШС құрылысшылары еңбек етуде. Ең үлкен бөлме көрермендер залына арналып, қазірдің өзінде сахналық орынның жұмыстарыбасталып кетті. Ұжымда клуб меңгерушісі мен күзетші бар, барлығы бес жұмыс орны ашылатын болады.

Ерейментау аудандық ауруханасына 26 110 адам бекітілген. Оның 12 272-сі ауыл тұрғындары. Дәрігерлермен қамтамасыз ету 90 пайызды құрайды. Науқастарды 164 төсектік стационар, ауысымына 250 келушіге арналған аудандық емхана, жеті дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт пен 18 фельдшерлік пункт қабылдай алады. Жылжымалы медициналық кешен мен жедел жәрдем көлігі бар. Бұл туралы облыс әкіміне аудандық аурухананың бас дәрігері Марал Сүлейменова баяндап берді.

Анель Петровна Огай жарты ғасырдан астам өмірін денсаулық сақтау саласына арнады. Ол 1943 жылы Одесса облысында дүниеге келген. 1970 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтын «Жалпы медицина» мамандығы бойыншабітіріп, диплом алады. Еңбек жолын Ерейментау аудандық ауруханасында оториноларинголог болып бастайды. Осы жылдар ішінде Анель Петровна жалпы тәжірибелік дәрігер, офтальмолог, бас дәрігердің тұрғындарға медициналық қызмет көрсету жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2007 жылдан қазіргі уақытқа дейін Ерейментау емханасының отоларинголог дәрігері.

Ермек Боранбайұлы дәрігерді 80 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтап, гүл шоқтары мен естелік сыйлық табыс етіп, еңбегіне алғысын білдірді.

– Қазіргі медицинаның алға ілгерілеушілігі басым. Біз жақсы жағдайда жұмыс істеп жатырмыз. Жұмысым сұранысқа ие болса және адамдарға көмектесе алсам, мен әлі де жұмыс істейтін боламын, – деп жауап берді бұл ілтипатқа Анель Петровна.

Тағы бір айтатыны, ауданда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Тайбай дәрігерлік амбулаториясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі – жылыту маусымына дайындық. №5 «Теплосервис» ШЖҚ МКК 2,5 мыңнан астам абонентті және 137 заңды тұлғаны, соның ішінде мектептерді, балабақшаларды, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жылумен қамтамасыз етеді.

Қазандық директоры Ерболат Мадияров жоспарлы жөндеу жұмыстары 95 пайызға орындалғанын, көмір де жеткізілгенін, демек, жылу маусымының уақытылы басталатынын айтады. Сондай-ақ, қазандық жұмысшылары жалақының орташа есеппен 210 мың теңгеге дейін көтерілуін күтіп отыр. Бұл жылуға тарифтер қайта қаралғаннан кейін ғана мүмкін болады.

– Мемлекет әлеуметтік нысандарды жөндеугеқыруар қаржы бөлуде. Ең бастысы – құрылыс пен күрделі жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімін бақылау. Ауданның 2023 жылға арналған бюджеті 5,3 миллиард теңгені құраса, оның басым дені әлеуметтік салаға, 811,3 миллионы жергілікті маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға және жөндеуге бөлінген. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында орташа айлық жалақы 226,3 мың теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,1 пайызға жоғары, – деп қорытындылады жұмыс сапарын облыс әкімі Ермек Маржықпаев.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Наталья ЯКОВЛЕВА.

Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар