Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Министр оқу жылына дайын емес өңірлерге ескерту жасады - АРҚА АЖАРЫ

Министр оқу жылына дайын емес өңірлерге ескерту жасады

– Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бірнеше өңірдің оқу жылына дайындық барысын сынға алып, ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқушыларды жаңа оқу жылында қауіпсіз әрі таза мектеппен және қажетті құрал-жабдық, оқулықтармен қамту аса маңызды. 1 қыркүйекте балалардың саналы тәрбие және сапалы білім алуына толық жағдай жасалуы керек. Оған бірінші кезекте жергілікті атқарушы органдар, яғни білім басқармалары жауапты екенін еске саламын. Өңірлер бойынша Атырау және Ақмола облыстарының әлі де толық деңгейде дайын емес екені айтылды. Бұл жерде мәселе қауіпсіздікке қатысты. Әсіресе Атырау облысы бірнеше рет аталды», – деді Ғани Бейсембаев аталған ведомствоның аппарат отырысында.

Сондай-ақ министр Атырау облысы білім басқармасының басшысына оқу жылына дайындық бойынша шұғыл шаралар қабылдау керектігін жүктеді.

«Ақмола облысы бойынша мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстарының 1 қыркүйекке дейін бітпеуі мүмкін. Сонымен қатар қауіпсіздік бойынша яғни бейнебақылау камерларын жедел желі орталығына тікелей қосу бойынша да мәселелер бар. Павлодар облысы, сіздерде де күрделі жөндеу бойынша мәселелер бар көрінеді. Ең бастысы балалардың қауіпсіздігі, білім басқармаларының басшылары сол сұраққа сіздер тікелей жауаптысыздар», – дейді ол.

Одан бөлек, ведомство басшысы оқу жылына дайындық барысы Үкімет отырысында қаралғанын және білім бөлімі басшыларының барлық шаруа 1 қыркүйекке дейін бітетіні туралы уәде берілгенін еске салды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар