Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрі Ж.М.Қасымбекке - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрі Ж.М.Қасымбекке

Құрметті Жеңісбек Махмұдұлы!
«Астана-Бурабай» автобанының тұтас бойына орналасқан Ақмола облысы Ақкөл ауданының   жолаушылары мен  жүк тасымалдаушылары үшін кейбір қолайсыз  жайлар қалыптасып отыр.

Астана қаласына барған Ақкөл қаласының тұрғындары қайтар бағыттарында жолай қатынаған  автобустар мен шағын автокөліктерден түсіп қалып, көлік ағысы аса қатты және де  не өткелі, не аялдамасы жоқ тұстардан автобанның екінші жақ бетіне өту үшін алты жолақты жолды жаяу  кесіп өтуге мәжбүр болып жүр.    Мұның өзі жол қауіпсіздігі ережесін өрескел бұрмалаушылық болса, ең бастысы адам өміріне үлкен қауіп төндірері бар.
Сондай-ақ, осы Ақкөл ауданының маңайындағы көптеген елді мекендердің  халқы өз ауылдарынан шығып, автобанның біраз бөлігімен жүріп келіп, аудан орталығына, болмаса басқа жақын маңдағы елді мекендерге қатынап жүк тасыса да, кейін қарыздар болып шыға келеді. Әуелгі тәртіп бойынша автобанның маңына орналасқан елді мекендердің тұрғындары  өз аумақтарында тегін жүрулері керек болатын. Мұның бар себебін жергілікті халық автобан бойындағы есептегіш  бейне бақылау камералар  дұрыс орнатылмаған деп санайды.
Құрметті Жеңісбек Махмұдұлы! Сізден жергілікті тұрғындарды алаңдатып отырған осы мәселелерді байыптап, бұл жағдайлардың  реттелуін сұраймыз.
Сенат депутаты  Жабал Ерғалиев.

 

 

 

Қазақстан   Республикасы  инвестициялар және даму Министрі   Ж.М.Қасымбекке  

 

Құрметті Жеңісбек Махмұдұлы!
Ақмола облысы Жарқайың ауданының тұрғындарының жазбаша өтініші негізінде бізге Жарқайың ауданы бойынша Ақмола облыстық мәслихатының депутаты В.Камышанскийдің және Жарқайың аудандық мәслихатының хатшысы Ұ.Ахметованың барлық депуттардың аттарынан жазылған   хат келіп түсті. Шалғай ауданның барлық тұрғындары 2016 жылдың 30 тамызынан бастап «Алматы-1-Арқалық» бағытындағы жолда тоқтамайтын вагондардың қатынасы тоқтатылғандығына мүлдем наразы болып отыр. Жергілікті халық осы бағыт бойынша  ұзақ жылдардан бері  қатынап келген жолда тоқтамайтын бұл вагондарға әрдайым сұраныс болғандығын, билеттердің  алдын ала  толық  сатылып тұрғандығын айтады және Ақмола облысының шалғай қиырдағы Жарқайың ауданы мен Қостанай облысының Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарының халқы үшін өмірлік маңызы бар деп санайды.
«Алматы-1 – Арқалық» бағытындағы жолда тоқтамайтын вагондардың қатынасы тоқтатылғаннан бері Алматы қаласынан тауар тасып жеткізуші жергілікті кәсіпкерлер үлкен қиыншылықтарға тап болып отыр. Енді олар өздерінің азын-аулақ жүктерімен Астанадан түсіп қалып, Арқалыққа қатынайтын поездарға ауысып мініп жүруге мәжбүр болып қалды. Бұл бірден тауар бағаларының өсуіне әкелді. Және де Алматы қаласына барып, тексеріліп, емделіп жүргендер мен  Алматы қаласындағы  колледждер мен  жоғары оқу орындарында оқитын  студент жастар қиналып қалып отыр.
Жергілікті халық өздерінің тұрмыстары үшін аса қолайлы болған еді деп санап отырған «Алматы-1 – Арқалық» бағытындағы жолда тоқтамайтын вагондардың қатынасын қайра қалпына келтіру мүмкіндігінің қарастырылуын сұраймыз.
 Сенат депутаты Жабал Ерғалиев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар