Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрмыстық қоқыс күрделі мәселелердің бірі болып тұр - АРҚА АЖАРЫ

Тұрмыстық қоқыс күрделі мәселелердің бірі болып тұр

Заңсыз қоқыс үйінділері экологиядағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Әлемде жыл сайын 2 миллиард тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылады.

Бұл дүниежүзіндегі жарамсыз қоқыстардың өңделуінің толық шешілмегенінің көрінісі. Сарапшы мамандар алдағы 30 жылда қоқыс көлемі 70 пайызға өсіп, 3-4 миллиард тоннаға жетеді деген пікір айтуда. Ал, біздің елімізде қоқыс көлемі 160 миллион тоннаға жеткен. Жылына 4,5 миллион тонна тұрмыстық қалдық шығарылса, оның 15 пайызы ғана өңделеді.

Осы мәселе төңірегінде жуырда Ақмола облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Арыстанбек Тасқынбаевтың қатысуымен «Облыстағы жаппай қоқыс үйінділерін жою бойынша атқарылған жұмыстар» атты баспасөз конференциясы өтті.

Соңғы жылдары Экология және табиғи ресурстар минстрлігі «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесе отырып, ел аумағына кең көлемде ғарыштық түсірілімдер жасау арқылы заңсыз орналасқан қоқыс үйінділерін анықтап, аймақтық департаменттерге беріп отырады. Ғарыштық түсірілімдер бойынша 2021 жылы 1329 заңсыз қоқыс үйінділері анықталып, оның 84 пайызына жою жұмыстары жүргізілген. Ал, 2022 жылы 830 қоқыс үйіндісі анықталып, 87 пайызы жойылған. Биыл облысымыз бойынша  245 рұқсатсыз қоқыс үйінділерін орналастыру анықталса, оның 55 пайызында жою жұмыстары атқарылған.

– Жалпы, салыстырмалы түрде айта кететін болсақ, жылдан-жылға заңсыз қоқыс үйінділерін орналастыру бойынша фактілер азайып келеді. Дегенмен, түпкілікті жою мүмкін болмай отыр. Оның басты себебінің бірі жергілікті елді мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондардың аз болуы немесе  кейбір аймақтарда бұндай полигондардың мүлде болмауы, – деп түйіндеді өз сөзін А.Тасқынбаев.

Экология департаментінен келген мәліметтер бойынша, жергілікті атқарушы органдар белгілі бір жұмыс атқарды. Заңсыз орналасқан қоқыс үйінділерін жою, тазалау жұмыстарымен әкімдіктер айналысады. Жою жұмыстарын тиісті деңгейде атқармаған жағдайда жауапты қызметкерлер мен заңды тұлғаларға әкімшілік-жауапкершілік шаралары қолданылуда. Рұқсат етілмеген қоқыс орындарын болдырмау үшін жергілікті атқару органдары тарапынан қатты тұрмыстық полигондарын салу талап етіледі. Өңіріміз бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың көп бөлігі Аршалы және Целиноград аудандарында. Себебі, ол өңірлер елорадаға жақын орналасқандықтан, Астанадан шығатын қоқыс қалдықтарының бір бөлігі осы аудандарға төгілуде. Брифингте осы мәселені шешу үшін полициямен бірлесіп, күшейтілген рейдтер жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданғаны айтылды.

Сонымен бірге, заңсыз қоқыс үйінділеріне жол бергендерге қадағалаушы орган және полиция қызметкерлерімен бірлескен жоспарлы рейдтер жүргізіліп, оның фактілері департаментке жолданады. Сөйтіп, заң бұзған тұлғаларға  Әкімшілік кодекстің 324-бабына сәйкес айыппұл салынады.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар