Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың салдары ауыр

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Манат Бегалин «Газбаллон» жедел алдын алу іс-шарасы жөнінде кеңінен баяндады.  

Биылғы жылы өңір аумағында газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себебінен 6 тұрмыстық өрт оқиғасы орын алды. Осыған  орай, 24-26 тамыз аралығында облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен, жастар ресурстық орталығымен және еріктілермен өзара іс-қимыл жасай отырып, «Газбаллон» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

−Ақмола облысының аумағында ағымдағы жылы мұнай базаларының бірінде кісі өлімімен аяқталған өрт фактісі бар. Өрттің себебі, статистикалық электр разрядынан тез тұтанатын сұйықтық буының от алуы, сондай-ақ, газ жабдығын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы болды,−деді Манат Бегалин.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ол құрбандар мен зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті. Дегенмен, мұндай 6 өрт жағдайы көп пәтерлі тұрғын үйлерде де орын алған.

−Төтенше жағдайлар департаментінің міндеттеріне көпқабатты үйлерде газ баллондарын пайдалануды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар кірмейді. Қызметкерлер тек профилактикалық жұмыстарды орындайды, бұл жағдайда біз тұрғындарға қатысты әкімшілік шараларды орындай алмаймыз,−деді бір сөзінде бастықтың орынбасары.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар және полиция департаменттерінің   қызметкерлерінің мобильді топтары автожолдар мен паркингтерде рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде газ баллон жабдығын пайдалану саласындағы заң бұзушылықтарды анықтады. Жыл басынан бері осылай 339 адам автокөлік иесі Қазақстан Республикасы кодексінің 590-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

−Өрт қауіпсіздігі қағидаларының тиісті тармағына сәйкес, Төтенше жағдайлар министрінің  өткен  жылғы 21 ақпандағы №55 бұйрығы бойынша өзге мақсаттағы және оларға жапсарлас салынған, қозғалтқыштары сығылған табиғи газда немесе сұйытылған мұнай газында жұмыс істейтін газ баллон жабдығымен жарақтандырылған, сондай-ақ автотұрақтар мен жабық типтегі үй-жайлар мен паркингтердегі жерлер деңгейінен төмен орналасқан ғимараттарда   автомобильдердің тұрақтауына жол беруге болмайтынын еске салғым келеді,−деп қорытындылады өз сөзін Манат Бегалин.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар