Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ата-баба көзі ғой - АРҚА АЖАРЫ

Ата-баба көзі ғой

Қазақ тілім, сүйем сені мәңгіге,
Өзіңменен айтам әркез әнді де.
Өзін қойып, өзге тілде сөйлеген,
Қазақпын деп бастамасын әңгіме.

Бұл өмірде бір нәрсені байқағам,
Ана тілін білмей басын шайқаған,
Адамдарды көрген кезде, налумен,
Неше түрлі келіп қалар  ой маған.

Менде әркез осы бір сөз, осы ой,
Қазақ тілі ата-баба көзі ғой.
Туған тілдің кетсе бүгін қадірі,
Оған біздер жауаптымыз, біліп қой!..

 

 

 

Қадіріңді білейікші

 

Айырбастап тілімізді өзге тілге,
Қалай біздер жүреміз жер
                                        бетінде.
Сөйлесейік тек ана тілімізде,
Өркендеп діліміз де, дініміз де.

Туған тілді құрметтеп, қастерлейік,
Жүрмесін орысшаңа қарттар
                                                  кейіп.
Әрқашан осы іске қарап дұрыс,
Бойдағы олқылықты түзетейік.

Айдана АМАНБАЕВА,
9 «а» сынып оқушысы.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар