Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшілердің парызы - АРҚА АЖАРЫ

Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшілердің парызы

Мемлекеттік қызметші болу қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және осы санаттағы адамдардың моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Мемлекеттік қызметшілер айналасындағыларға барлық жағынан үлгі болуға, өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен мемлекеттік қызметтің беделіне кір келтірмеуге, теріс қылықтардың жасалуына жол бермеуге тиіс.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Мемлекет басшысының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жүйелі түрде консультациялық көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде.

Әр тоқсан сайын ішкі саясат басқармасының мемлекеттік қызметкерлерінің аккаунттарына («Одноклассники», «Мой мир», «ВКонтакте», «Facebook», «Instagram») мониторинг жүргізу жолға қойылған. Мониторинг нәтижелері бойынша қоғамдық жұртшылық тарапынан мемлекеттік қызметшілерді теріс жағынан көрсеткен мәліметтер анықталмады.

Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтау мақсатында ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды зерделеп отыруға анонимді түрде сауалнама да қолданылады. Жалпы, осы бағыттағы білім-біліктері талапқа сай болуы үшін биыл басқарма қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы өткізген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар» тақырыбындағы семинарға да қатысып, іс-тәжірибелерін ұштай түсті.

Бүгінгі таңда қай жерде болсын, мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен мінез-құлқына үлкен мән берілетіні белгілі. Мемлекеттік қызметші имиджінің өзі жоғары кәсіби және жеке құзыреттерді, моральдық-адамгершілік қасиеттер мен этикалық мінез-құлықты айқындай түсетін жанды фактор. Сондықтан, бізге қашанда әріптестеріміздің оң бет-бейнесі керек. Демек, әр мемлекеттік қызметші осыған ұмтылу керек.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші әрдайым мемлекеттің мүдделері мен азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұруға, заңда белгіленген шектеулерді сақтауға тиісті. Мемлекеттік қызмет бізден осындай үлкен жауапкершілікті талап ететіндіктен, мекемеміздегі осы бағыттағы жоспарлы жұмыс алда да тиянақты түрде өз жалғасын таба беретіндігі айқын.

Сабырхан КЕНЖЕБАЕВ,
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының
Әдеп жөніндегі уәкілі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар