Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Нұрлы жер» – жаңа мүмкіндік - АРҚА АЖАРЫ

«Нұрлы жер» – жаңа мүмкіндік

Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі  брифингте облыстық құрылыс басқармасының басшысы Амангелді Смаилов осы салада атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

 

Басқарма басшысы өз сөзінде алдағы уақытта тұрғын үй құрылысының «Нұрлы жер» деп аталатын жаңа бағдарламасы қабылданатынын айтты. Бүгінгі таңда Елбасының халыққа арнаған «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Жолдауы аясында құрылыс саласында «Нұрлы жол» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Онда тұрғын үй кезегінде тұрған жас отбасылар мен тұрғын үй құрылысын жинақтау банкінің салымшыларына тұрғын үйлерді көптеп салу көзделген. Мәселен, биылғы жылы облыста 222,2 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланса, жылдық жоспар артығымен орындалған.
– «Нұрлы жол»,«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020»,«Өңірлерді дамыту» бағдарламалары шеңберінде жыл басынан бері 271,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бүгінгі күні тұрғын үй кезегінде тұрғандарға 7,1 мың шаршы метр, жас отбасыларға 5,9 мың шаршы метр, тұрғын үй құрылысын жинақтау банкінің салымшыларына 11,5 мың шаршы метр тұрғын үй берілді. Сондай-ақ, 108,4 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үй және 125,8 мың шаршы метр жекеменшік тұрғын үй салынды. Жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар үшін Целиноград ауданының орталығында 45 пәтерлік тұрғын үй, Шортанды кентінде 36 пәтерлік тұрғын үй, Аршалы кентінде 16 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді,– деді өз сөзінде басқарма басшысы.
Щучинск қаласындағы 75 пәтерлік тұрғын үйге жас отбасылар қоныстанды. Тұрғын үй құрылысы жинақтау банкінің  салымшылары үшін Көкшетау қаласындағы «Сарыарқа» шағын ауданы мен «Жансая» тұрғын кешенінде 4 көпқабатты үй және Есіл қаласында 73 пәтерлік тұрғын үй салынды. Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламаларының аясында Степняк, Макинск және Ерейментау қалаларындағы тұрғын үйлер құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ, биыл жас отбасылар үшін облыс орталығындағы «Сарыарқа» шағын ауданында 3 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Осы шағын ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 5 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Биылғы жылы тұрғын үй құрылысының жаңа тетігіне сәйкес «Бәйтерек Девелопмент» акционерлік қоғамының қаржысын тарту есебінен жергілікті атқарушы органдар арқылы 5 несиелік тұрғын үй құрылысы басталады. Келесі жылы аталмыш әдіспен Щучинск қаласында да тұрғын үй салынады деп жоспарлануда. Басқарма басшысы өз сөзінде мердігерлерді таңдау кезінде қателіктерге жол берілетінін, осының салдарынан жұмыс кестесі бұзылатынын да атап өтті.
– Мұндай жағдай Степняк қаласындағы тұрғын үй құрылысында болды. Мердігер бөлінген қаржыны уақытында игермегендіктен, келісім-шарт бұзылды. Бүгінгі таңда өзге мердігер құрылыс жұмысын қарқынды жүргізуде,– деді ол. Одан әрі фин технологиясы бойынша салынып жатқан тұрғын үй жөнінде айтылды. Жалға берілетін мұндай үйдің 3 қабатын бір жарым айда тұрғызуға болады. Келешекте әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдар үшін жалға берілетін осындай тұрғын үйлер де салынбақшы. Сондай-ақ, 170 жеке меншік үй салуға облыс орталығының «Бірлік» шағын ауданынан, Аршалы кентінен, Степногорск қаласының Пригородный селосынан жер бөлінеді. Сөйтіп, өңірдегі құрылыс жұмыстары одан әрі қарқын алмақшы.

Рамазан ТІЛЕУОВ.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар