Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сібір жарасынан сақтанайық - АРҚА АЖАРЫ

Сібір жарасынан сақтанайық

Сібір таяқшасынан шыққан микроб аурудың негізгі қоздырғышы болып табылады.

Ол ауру малдың қанында, сілекейінде, зәрі мен нәжісінде кездеседі.  Сондай-ақ, инфекцияланған жемдер, жайылымдар, су көздері, үй-жайлар  ауру қоздырғышының тарату факторлары болып табылады. Сібір жарасы адамдарға  малдардың  өнімдерін пайдаланғанда, тіпті малға күтім жасағанда, оны сойғанда, терісін алғанда, көмгенде де жұғуы мүмкін. Сібір жарасымен ауыратын малды союға мүлдем болмайды. Себебі, бұл аурудың микробы сыртқы ортаға әдетте төзімді, тығыз қабықшамен қапталған спора түзеді.
Жаз жайлауда бағылған малдың арасында бұл ауру тез тарайды. Себебі, инфекция жеген шөпжеммен де жұғады. Ауру жұқтырып алған малдың терісінде 2-5 күннің ішінде көгерген ісік пайда болып, дене қызуы 40-42 градусқа дейін көтеріліп, шаншу, іш кебу сияқты белгілер байқалады. Ісік  пайда болған жер қышып, теріні сәл күйдірген сияқты дақ пайда болып, көбейе береді. Бөртпе бастапқыда үлкен болмайды. Нәжісте қан пайда болады. Шошқаларда баспа ауруының сипаттары байқалады. Өлген малдар ісіп кетеді, қаны қара, ұйымаған болады. Сібір жарасының өліктерін союға мүлдем жол берілмейді.
Еліміздің кейбір өңірлерінде сібір жарасы бойынша шиеленіскен эпизоотиялық жағдайды, атап айтқанда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында адамдар мен малдардың аса қауіпті ауруы «сібір жарасының» тіркелуін ескере отырып, облыстың ветеринариялық қызметі мал бастарын есепке алып, оларды Сібір жарасына қарсы вакцинациялануын қатаң бақылауға алды. Малдарды уақытылы иммунизациялау аурудың алдын алудың профилактикалық шарасы болып табылады. Облыста жыл сайын тегін жоспарлы профилактикалық вакцинация жүргізіледі. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп отырады. Егер сіз үйіңіздегі малдың бойынан осы аурудың белгілерін байқасаңыз, дереу мал дәрігерінің көмегіне жүгінгеніңіз абзал. Ет және ет өнімдері міндетті түрде ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізілуі тиіс.

Базарбай БҰЛАШЕВ,
Ақмола облыстық ветеринария басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар