Сабақтастық жолымен

Біз Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде талай жылдар қызмет атқарып, жастарға білім мен тәрбие беріп жүргенімізді мақтан тұтамыз.

Пединститут ретінде 54 жыл бұрын қабырғасы қаланып, алғашқы түлектерді үлкен өмір жолына шығарып салып, талай мамандарды түлеткен осы оқу орнының өңірге ғана емес, бүкіл байтақ Қазақстанның экономикасына, мәдениетіне, құқықтық, білім және ғылым саласына қосқан үлесі зор. Бүгінгі таңда біздің университет республиканың солтүстік өңірінде жоғары кәсіби білікті кадрлар даярлайтын ірі оқу орны болып табылады және  ғылыми-зерттеу жұмысының бірегей орталығы болып саналады.
Бұрынғы пединституттан қазіргі университет дәрежесіне көтерілуіне үлес қосқан жандар туралы айтпасақ, қиянат болар еді. Олардың қатарында Қ.Қ. Абуев, У.М. Сағалбеков, Т.Т. Жүнісов,  Қ.Қ. Қожабаев, Қ.Қ. Мұсабаев, М.Г. Субханкулов,  Н.С. Ибраев, Н.Ф. Немченко, А.Г.Комов, Т.С. Маликов, О.А. Сұлтаняев, Ж.Т.Теңізбаев, В.А. Бельц, Н.Л.Еремия, А.А.Сейітқасымов, А.Д.Жақыпова, Т.Ж.Жұрын, Б.Б.Жахина, ректорлар Е.Боярский, А.Айтмұхамбетов, тағы да көптеген азаматтар бар. Қазіргі университет ректоры техникалық ғылымдар докторы, профессор Ә.Ә.Әбжаппаров білім ордасының қалыптасқан көпжылдық дәстүрлерін жалғастыруда. Шағын мақалада бәрін атап өтуге мүмкіншілік жоқ болғандықтан, есімдері аталмаған адамдар ренжімес деп ойлаймыз.
Ал, енді өз кафедрамызға келетін болсақ, бізде 13 оқытушы сабақ береді, оның бесеуі – тарих, философия ғылымдарының кандидаттары: А.Б. Күшпаева, К.Т.Базаров, Г.Ж.Есмагұлова, Р.Ж. Абдулина, Г.М.Тленшина. Сонымен бірге,  бір саясаттану ғылымдарының докторы бар, ол – Б.Н. Кәріпов.   «Тарих» мамандығын ашу, жетілдіру, дамыту басында тарих ғылымдарының докторы, профессор, көптеген кітаптардың, монографиялардың, әдістемелік нұсқамалардың, ғылыми мақалалардың авторы, республикалық гранттың иегері Қадыржан Қабиденұлы Абуевтің тұрғанын айтпай кетуге болмайды. Бұл ағамыздың еңбегі орасан зор екенін бүкіл Қазақстан біледі десек, артық айтқан болмас. Бірнеше жылдан бері  «Тарих, юриспруденция, өнер, спорт» факультетін нәтижелі басқарып жүрген тарих ғылымдарының кандидаты, декан Ақбота Тастанбекқызы Бексейітованың еңбегі де аз емес.
Кафедра меңгерушісі– тарих ғылымдарының кандидаты, 2015 жылдың  қорытындысы бойынша университетіміздің үздік ұстазы атанған Алмагүл Бүркітбайқызы Күшпаева туралы да айтпай кетсек, қиянат болар еді. Тәжірибелі маман, білікті де білімді басшы, әркімнің мұң-мұқтажын тыңдап, түсіне білетін, әрдайым көмекке келуге дайын тұратын, ақжарқын жан ұжымның ұғымдылығына, ұйымшылдығына, ортақ істі жұмыла тындыруына жағдай жасауда. Соның нәтижесінде  кафедра аккредитациядан ойдағыдай өтті.
Оқытушылар мен студенттер ғылыми конференцияларға, әр түрлі семинарларға белсене қатысуда. 2015 жылы студенттер Ж.Жұманова, А. Қасенова республикалық тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған «Жас ғалымдар» конкурсының жеңімпаздары атанды. 2016 жылы С.Біләлова, А.Қасенова, Н.Ізбасар «Дорога, длиною в жизнь» атты халықаралық конкурста жүлдеге қол жеткізді. Кафедрамызда әдістемелік бірлестік жұмыс істейді. Оның отырыс-тарында ұстаздардың ғылыми және педагогикалық қызметіне байланысты өзекті мәселелер қаралады. Бір айта кететіні, біздің кафедрада студенттердің ғылыми қызметіне көп көңіл бөлінеді. Осындай жүйелі жұмыстың, тапжылмаған ізденістің арқасында университет түлектері қолайлы қызмет
тауып, көбі мектеп басшылығына көтеріліп, педагогика саласына айтарлықтай үлес қосып жүр. Олар кәсіби бағдар жасауға да біршама көмек беруде.
Университетіміздің 20 жылдық мерейтойымен бүкіл профессорлық-оқытушылар құрамын, студенттер қауымын шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға жаңа биіктер мен жетістіктер тілейміз.

Күлше ЖАПАРОВА,
Сәуле ӘБДІРАХМАНОВА,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушылары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар