Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық бірлік – мемлекетіміздің тұрақтылығының кепілі - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық бірлік – мемлекетіміздің тұрақтылығының кепілі

Достық үйінде «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттау» атты республикалық лекторий өтті. Отырыста қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі талқыланды. Шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыстық ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының төрағалары, БАҚ өкілдері және жастар мен студенттер қатысты.

Лекторийге«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ермек Нұғыманов модератор болып, арнайы қонақ ретінде Л.Н.Гумилев атындағы, Еуразия ұлттық университетінің заң ғылымдарының докторы, конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Жамаладен Ибрагимов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өлкетанушысы, Ұлан-Батыр қаласындағы Шыңғысхан атындағы Дүниежүзілік академияның Құрметті академигі, «Халық үміті» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекші ғылыми қызметкері Ғизат Табулдин, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, ҚХА мүшесі, Астана қаласындағы «Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шерзод Пулатов, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимыл бойынша басқармасының басшысы Абдімомын Асилов шақырылған.

Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) «Қазақтану» жобасының аясында өткізіліп жатқан лекторийдің мақсаты: қоғамдық келісім, этносаралық татулық және бір тудың астына жиналып, бір мемлекетте өмір сүріп жатқан халқымызға ұлттық бірлікті насихаттау болып табылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында: «Әрбір азамат өз болашағын Қазақстанмен тығыз байланыстыруы керек. Сонда ғана халқымыз біртұтас ел болып тұра алады. Ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітуге болмайды. Қоғамда мұндай ұстанымға сай бөлектенуге жол берілмейді. Әрқайсымыз – Қазақстан атты қасиетті қара шаңырақтың перзентіміз. Бәріміз – бүгінгі өмірі және болашағы бір бауырлас азаматтармыз», деп атап өткен болатынды. Бүгінгі жиында да, осы тұжырымды толықтырған, алыс-жақыннан келген қонақтар баяндамалар жасап, лекциялар оқыды.

– Аса қадірлі Көкше елінің игі жақсылары, ардақты азаматтар, құрметті жастар! Расында да қазақ елінің ұстар тұмары, темір қазығы бұл ұлттық бірлігі, мемлекеттік тұтастығы. Сондықтан, бүгін келіп отырған себебіміз, еліміздегі бірлікпен тұрақтылықтың көрсеткіші қазақстандық моделді әр азаматтың жүрегіне ұялатып, жанына жақындату, – деп сөзін бастаған Жамаладен Ибрагимұлы. – «Қазақ елінің 193 мемлекеттен ең басты ерекшеліктерінің бірі – ұстанымы, ұлттық бірлігімен мемлекеттегі тұрақтылық. Бұл тұрақтылыққаСақ-ғұн дәуірінен басталып, Түркі тамырымен жалғасып, Шыңғыс әулетінен керемет құқықтық-дәстүрді алып, Қазақ хандығының шу бойында қазығын қаққан Керей мен Жәнібек хандарға қатысты мың жылдан астам тарихы бар қазақ елі болып жетіп отырмыз. Біз 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ елінің тәуелсіздігін алған жоқпыз,тәуелсіздігін жаңғырттық. Бүгінгі еліміздің әлемге ұсынатын брендтарының бірі 124-тен астам этнос бейбіт өмір сүріп жатқан қазақ қоғамы, – деп түйіндеді.

Халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан тарих жолында құқығы мен заң жобалары қағаз бетіне түсіп қатталмасада, жазылмаған дала заңы болып, ауыз әбедиеті арқылы бүгінгі күнге жетті. Белгілі ғалым Шоқан Уәлихановтың «Сот реформасы» туралы еңбегінде көшпенді бабаларымыздың дала заңдары, салт-дәстүр, ырым-тыйымдары туралы кеңінен жазылған. Сол замандағы билер статусының рөлімен қабылданған хандардың заң-жарғылары, шешімін тапқан халықтың дау-дамай, келіспеушіліктері қазіргі қоғамда шет ел ғалымдарының таңданыстарын туғызған. Бүгінгі мемлекетіміздегі ұлттар қақтығысының болмай, көршілерімізбен ынтымастықта өмір сүріп жатқан тәуелсіз мемлекетіміздің ықылым заманнан бойында қалған әділеттік, адалдық, татулық символын айқындап көрсеткендей. Сондай-ақ, өз кезегінде баяндама жасаған ХҚА мүшесі Ш.Пулатов Ассамблеяның мемлекеттік тілге назар аударып келе жатқанын айта келе, «Елімізді біріктіретін ұлттық құндылықтардың бірі – мемлекеттік тіліміз. Мемлекеттік тілдің аясында барша этнос өкілдерінің басын қосу және де бірлігімізді күшейту мақсатында жұмыстар атқарып келе жатырмыз. Бұл біздің басты бағытымыз» дейді. Жоғарыда айтылған «Қазақтану» жобасының аясында өзге ұлт өкілдеріне ұлтымыздың құндылықтарын таныстыру мақсатында республикалық дәстүрлі сабақтар жүргізіліп келген.

– Мен ойлаймын, біз бір тілде сөйлесек, ойымызда бірдей болады. Сонда ғана бірлігіміз бекемделіп, биік мақсаттарға жететін боламыз. Сол үшінде бүгінгі мақсатымыз жастарға отансүйгіштікті, қазақи қасиетімізді танып, білуіне жол ашу болып табылады. Бұл да Шерзод Пулатовтың сөзі.

Иә, мемлекеттің басты символдарының бірі тілі екені ежелден белгілі. Біздегі қазақ тілінің мәртебесін көтеру, бір тілді мемлекет болу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Мемлекет басшысыда әр Жолдауында осыны айтып келеді. «Барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі саясатымыздың стратегиялық бағыты болып қала береді. Қазақ тілі – азаматтық интеграцияның тиімді құралы, мәдени-рухани тұтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ, қазақ тілі ғылыми прогресс пен білімнің озық жетістіктеріне жол ашатын құралға айналуы керек», – деген тұжырымын ХҚА-ның соңғы сессиясында да айтып өткен еді. Сонымен қатар, шара барысында өлкетанушы Ғизат Табулдинөңіріміздің тарихи атаулары бейнеленіп салынған карталарымен таныстырса, Ақмола ҚХА жанындағы медиация кеңесінің төрайымы Маржан Мырзахметоваазаматтық қоғамның жаңа сатысы медиация ұғымын жұртшылыққа түсіндірді. Медиация дауды шешудің заманауи тәсілі ретінде оң нәтижесін беріп келеді. Алайда, халықтың еліміздегі медиаторлар туралы хабары аз. Жанжалды шешудің балама тәсіліне еңбек, отбасы, адам құқық­тары­ның сақталмауы сияқты мәселелерде жүгіне алатынын бірі білсе, бірі білмес. Елімізде медиация туралы 2011 жылы заңда қабылданған болатын.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар