Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елордада бензин және дизельмен жүретін көліктерге шектеу қойылуы мүмкін - АРҚА АЖАРЫ

Елордада бензин және дизельмен жүретін көліктерге шектеу қойылуы мүмкін

Елордада бензин және дизельмен жүретін автокөліктерді қала аумағына кіргізуді шектеу жағы қаралып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

«Биыл біздің басқарма Лондон тәжірибесіне сәйкес қала аумағында төмен ремиссия аймағын құруды ұсынды. Әзірге пилоттық жоба ретінде. Жобаның мақсаты мен басты идеясы — бензинмен жүретін автомобильдердің қалаға кіруіне шектеу қою. Бұл сонымен қатар ауаны жоғары деңгейде ластайтын дизельге де қатысты. Аймақ зонасына кірер жерде және басты көшелер қиылыстарында белгілер қойылады», — деді Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Бердалин қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында.

Спикер мәлімдегендей, қазір аталған ұсыныс қаралып жатыр.

Бұған дейін биыл алты айдың ішінде Астана автокөліктері ауаны ластап, 27 мың тонна зиянды заттар шығарғанын хабарлаған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар