Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолалық оқушылар 400 ден астам әзірлемелерді Республика ғылыми жобалар байқауына ұсынды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолалық оқушылар 400 ден астам әзірлемелерді Республика ғылыми жобалар байқауына ұсынды

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңін Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында өткізді.

Іс-шара ғылыми байқаудың мақсаты-оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдауға бағытталған.

Ғылыми байқау 4 кезеңде өткізіледі:
1)Бірінші кезең – аудандық;
2)Екінші кезең – іріктеу (ғылыми жобаны алдын-ала сараптамадан өткізу);
3)Үшінші кезең – облыстық. Облыстық кезең екі турда өткізілді. Бірінші тур – жобаны қорғау, екінші тур – бейіндеу пәндері бойынша тестілеу;
Тестілеу 60 сұрақтан тұрады, орындауға 2 сағат уақыт беріледі.
4)Төртінші кезең – республикалық.

Аталмыш байқауға 429 ғылыми жоба беріліп, оның 240 сараптамадан өтті. Оның ішінде командалық 26 жоба дайындады. Бұл байқауға Ақмола облысының барлық 17 ауданынан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан, облыстық мамандандырылған мектептер 266 оқушы қатысты.

Ғылыми жобаларды қорғау төрт бағыт, олардың ішіндегі келесі 16 секциялар бойынша жүзеге асырылды:

«Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», секциялар: физика, техника, Жер және Ғарыш туралы ғылым;

«Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу», секциялар: математика, қолданбалы математика, информатика, экономика;

«Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асырудың негізі», секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау;

«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар», секциялар: тарих, өлкетану, тіл білімі, әдебиет, этномәдениеттану, адам және қоғам.

Байқаудың қорытындысы бойынша 111 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 16 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 39 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 56 оқушы, грамотамен –17 оқушы марапатталды.

І, ІІ, ІІІ орын алған қатысушылар бейіндеуші пәндер бойынша екінші тур – тестілеуден өтеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар