Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірлескен жоба жүзеге асырылады - АРҚА АЖАРЫ

Бірлескен жоба жүзеге асырылады

Астанада сейсенбі күні өткен Қазақстан мен Ресейдің XIII өңіраралық ынтымақтастық форумына екі елдегі мемлекеттік органдардың өкілдері, аймақтардың басшылары, ұлттық холдингтер мен компаниялардың, өнеркәсіп орындарының жетекшілері мен құрылтайшылары қатысты.

Екі елдің экономикасы бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Сондықтан, әр салада бірлесіп қолға алынатын ауқымды жобалар ортақ іске тек пайдасын әкелмекші.  Ал, бұл мәселе өңірлер арқылы шешілгенде, оның тиімділігі де жақсы көріне түседі.
Форум жұмысына қатысқан Ақмола облысы делегациясының құрамында 11 компания болды. Олардың ішінде «Степногорск-ЕПК», «Арыстан-СТЗ», «КАМАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамдары және «Он-Олжа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тәрізді Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорындарының басшылары бар. Аталған форум аясында облыс әкімі Сергей Кулагин мен «Еуропалық подшипник корпорациясы» басқармасының төрағасы Александр Москаленко екіжақты әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
Аталған меморандум аясында тараптар «Степногорск-Еуропалық подшипник корпорациясы» акционерлік қоғамын дамытудың стратегиялық бағыты бойынша әріптестікті жүзеге асырады. Оның ішінде құны 50 миллион долларды құрайтын АҚШ-тың «TIMKEN» компаниясымен бірлесіп, индустриалды подшипниктер өндірісі бойынша жобаны жүзеге асыру қарастырылған.
Жалпы, облыс аумағында Рсейдің заңды тұлғаларының қатысуымен 29 субъекті, жеке тұлғаларының қатысуымен 352 субъекті жұмыс істейді. Оның ішінде үкіметаралық бағдарлама шеңберінде құрылған жүк көліктерін шығарумен айналысатын «КАМАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы Қазақстан-Ресей бірлескен жобаларының маңыздысы болып табылады. Оған қоса, «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамының құрамына кіретін авиациялық және жылу жабдықтарын шығаратын  «Тыныс» акционерлік қоғамын, комбайн құрастыратын «Вектор» комбайн зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Ростсельмаш» ашық акционерлік қоғамының табысты жұмыс істеп жатқанын айта кетуге болады.
Сонымен қатар, Қазақстан және Ресей елдері арасында сауда байланысы да дұрыс жолға қойылған. Биылғы жылдың басынан бері облыс Ресей Федерациясына экспортқа 34,9 миллион АҚШ долларын құрайтын подшипник, алтын, пластмасса, көмір, астық, жұмыртқа, ет және сүт тәрізді өнімдерін шығарған.  Ол жақтан поли-
этилен, ауыл шаруашылығы  құрал-жабдықтары, мұнай және мұнай өнімдері, болат, кондитерлік өнімдер жеткізілген. Алдағы уақытта екіжақты сауда-экономикалық байланыс одан әрі нығая түспек.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар