Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәселелер қаралды - АРҚА АЖАРЫ

Мәселелер қаралды

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаровтың төрағалығымен ветеринария саласындағы қолданыстағы заң нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың мал мамандары үшін семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Сақташ Хасенов пен Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзге де өкілдері, облыстық басқармалар мен ведомство басшылары, қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, ветеринария мен ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аумақтық бөлімшелері, «НУХ «ҚазАгро» акционерлік қоғамы ұйымдарының облыстық филиалының басшылары  қатысты.
Соңғы жылдары ветеринария саласында үлкен өзгерістер болды. Мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілеттілікті шектеу, бақылау-қадағалау міндетін бөлу бойынша бірқатар әкімшілік реформа жасалды. Алайда, ветеринария саласының жұмысында бірқатар өзекті мәселе туындап отыр. Заңнама базасындағы олқылықтар, мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы міндетті нақты таратудың жоқтығы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істеуіне кері әсерін тигізуде.
Шараға ауылдық округтардағы ветеринарлық пункттер қызметкерлерінің қатысуы қолданыстағы заңнамаға өзгерту енгізуді талап ететін бірқатар мәселені, бұл салада анықталған олқылықтарды алға тартты. Жағдайды түзету орайында нақты шаралар қабылдау үшін облыстың ветеринарлық мамандарынан ұсыныс-пікірлер мұқият қаралды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар