Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Санамызға сіңірейік - АРҚА АЖАРЫ

Санамызға сіңірейік

Елбасымыз «Тәуелсіздік толғауындағы» жалынды сөздері арқылы халықтың жүріп өткен жолы мен егемендігіміздің айшықты көріністерін көз алдымызға елестетті.

Оның мәні мен маңызына ерекше тоқталып, тәуелсіздік – әрбір азаматтың жүрегінде, әр шаңырақтың төрінде, елімізде бой көтерген әрбір үйде, әрбір қала мен ауылда салтанат құратынын жеткізді. Сондықтан, қазақстандықтың алда тұрған міндеті тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай қорғап, сақтау екенін ұғындырды. Президентіміздің жалынды сөздерінен мен қуат алып, патриоттық сезім жетегіне бой алдырдым. Ұлтым үшін, әрбір қазақстандық өскелең ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруде аянбай еңбек етуім керек екенін санамен салмақтап, ой елегінен өткіздім.
Бүгінде білім саласында оң бетбұрыстар бар. Жалғыз білім ғана емес, өзге салаларда да тың бастамалар жетіп артылады. Елдің  әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсара түсті. Білімді азаматтар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Кемел келешекке көз жіберген Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттердің еңбегі екенін ерекше екпін түсіре айтты. Әрине, егемендігіміз болмаса, білім мен ғылым жолында да біз  қанатымызды кең құлашқа сермей алмас едік. Сондықтан, біздер өскелең ұрпақты тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтауға үйреткеніміз жөн. Елін ойлаған Елбасымыздың әрбір айтқан сөзінен қуат ала отырып, «Тәуелсіздік толғауын» мәңгілік санамызға құйып алуымыз керек.

Сәрсенбек СҮЛЕЙМЕНОВ,
Сәуле орта мектебінің директоры.
Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар