Партияның қоғамдық қабылдауында заң кеңесші Жамиля Нұржанова, медиатор Талғат Бейсембаев, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Әсем Асаинова және Көкшетау қаласының жеке нотариусы Сәуле Бутембаева “Құқықтық көмек” партиялық жобасы шеңберінде азамататарды жеке мәселесімен қабылдады.
Қабылдауға келген қала тұрғындары баспана мәселесі мен кезекке тұру мәселесін көтеріп, жоғарыдағы көршінің пәтерді су басып қалуы мәселесі бойынша жүгінді.
Сондай ақ, ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналары балабақшаларда тегін тамақтану, ата-аналардың тегін жол жүруі, буллинг, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған демеушілік және қайырымдылық көмек алу мәселесі бойынша жүгінді.
Ауыл тұрғындары бейнебайланыс арқылы тікелей қосылып, көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Мәселен, Степняк қаласының тұрғыны үй беру туралы өтініш жасады. Аршалы ауданының тұрғыны құрылыс компаниясы ақшаны қайтармайды деп шағымданды.
Щучинск қаласының тұрғыны жер үлесінің мұрасын ресімдеу кезінде кеңес алды.
Щучинск қаласының тұрғыны ерекше қажеттіліктері бар балаға ипотека алуға бола ма деген сұрақпен жүгінді. Қосшы қаласының тұрғыны алимент төлеу және әке болуды қалпына келтіру мәселесі бойынша кеңес алды.
Қабылдау барысында барлық өтініштер бойынша заңнамасы шеңберінде түсініктеме берілді.