Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық жоба  денсаулық сақтау ісін жақсартады - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық жоба  денсаулық сақтау ісін жақсартады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен кеңесте «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасын іске асыру мәселесі қаралып, осы жоба аясында аймағымызда 2023-2025 жылдар аралығында 38 нысан салынатындығы атап көрсетілді.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Марат Әубәкіровтің мәліметіне сүйенсек, бүгінде салынатын 13 жаңа ғимараттың жобалық-сметалық құжаттамасы әзір.  Ал, денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша қанатқақты жоба аясында Степногорскідегі қалалық және Атбасар ауданындағы ауданаралық көпсалалы ауруханалар көпсалалы клиникалар болып қайта құрылады. Сонымен бірге, биыл денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту одан әрі жалғасын тауып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жаңа бейінді бөлімшелер ашылып, медициналық жабдықтар сатып алынуда. Мәселен, қазіргі уақытта маңайындағы іргелес аудандардан келген науқастарды  қабылдайтын Атбасар ауданаралық ауруханасының реанимация бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізілуде. Сондай-ақ, аурухананың бас корпусын күрделі жөндеуден өткізуге арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Ал, жөндеу жұмыстарының өзі келесі жылға жоспарланған.

Степногорск қалалық ауруханасының операциялық және реанимациялық бөлімшелерін күрделі жөндеуге екі жылдық келісім-шарт жасалған. Жоспар бойынша биыл құрылыс-монтаж жұмыстары басталмақшы. Қайта жаңғыртылатын бұл екі аурухананы жаңа медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтауға тиісінше қаражат бөлініп, ағымдағы жылдың желтоқсан айында алдыңғы легі жеткізіле де  бастайды.

Кеңесті қорытындылай келе, облыс әкімі аймақтың денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту бойынша мүдделі мекемелерге бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, Марат Ахметжанов «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасының іске асырылуы барысында атқарылатын сапасын және нысандарды уақытында пайдалануға беруді тұрақты түрде бақылау қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармасына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылау және өңірге дәрігерлерді тарту жұмысын жандандыру міндетін қойды.

Ақмола облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар