Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ынта бар жерде нәтиже бар - АРҚА АЖАРЫ

Ынта бар жерде нәтиже бар

Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Целиноград ауданында болып, бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандарды  аралап көрді, сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы және жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, Астананың айналасында азық-түлік белдеуін жасау мақсатында жүзеге асырылып жатқан жобаларды пысықтады.

Облыс әкімі алдымен, Қоянды ауылында тұрғын үй құрылысымен айналысып жатқан «АйМак-Инвест Групп» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің жұмысымен танысты. Серіктестік басшысы Андрей Бочкаревтың сөзіне қарағанда, мұнда 14 тұрғын үй салынған. Олардың әрқайсысының құны 27 миллион теңгеге бағаланып отыр. Келер жылы тағы 18 үй тұрғызу көзделген. Жобаға оң бағасын берген облыс басшысы кәсіпкерлерді қолдайтындығын атап өтті. Осы жолы облыс басшысы ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстарына да көңіл бөлді. 15 шақырым жол «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жөнделуде. Оны мердігер компания «Қосшы-Қуат» коммуналдық кәсіпорны қолға алған. Облыс әкімі құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Осы жерде облыс басшысы жеке кәсіпкерлікпен айналысып жатқан оралмандармен кездесті. Солардың бірі – ерлі-зайыпты Бодон мен Райымхан. Бұл отбасы пеш жасайды. Оның бағасы 250 мың теңге көлемінде. Ата-анасына екі ұлы көмектеседі. Жалпы, 24 мың тұрғыны бар Қоянды ауылында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда.
Мұндағы тұрғындардың 70  пайызы оралмандар екенін ескерсек, олардың өз кәсібін ашуына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Мәселен, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бір ғана осы ауылда 2011 жылдан бері 50-ден аса жоба мақұлданған. Ауылда 1600 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелуі осының айқын дәлелі. «Сыдықбек» серіктестігінде мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен және өңдеумен айналысатын ауыл шаруашылығы кластері құрылған. Серіктестік басшысы Руслан Тәттібековтың айтуынша, шаруашылықта асыл тұқымды 110 бас қарала және 114 бас абердин-ангуст қара малы, 400-ге жуық еттік бағыттағы жылқы бар.
Шаруашылық шөп шабу науқанын аяқтап, қазіргі кезде мал қораларын қысқа дайындау жұмыстарымен айналысуда. Семіртілген мал қасапханада сойылып, еті негізінен Астана қаласына жөнелтіледі.  Алайда, жайылымның жетіспеушілігі сезілуде. Осы орайда, облыс әкімі аудан әкіміне серіктестікке жер телімін қарастыруды тапсырды.  Сапар соңында облыс басшысы «Золотой фазан» ЖШС-ында қонақ үй-сауықтыру кешенінің жұмысына назар аударды. Ол бұдан төрт жыл бұрын ашылған. Мұнда қонақтарға арналған он бір үй, тоған, кинологиялық орталық, балалардың ойын алаңы мен футбол алаңы, велосипед жолы, шағын зообақ және қысы-жазы жұмыс істейтін бассейн бар. Осында өткен жылдар ішінде шеттен атамекенге оралған қандастарымызбен кездесу барысында (суретте) облыс басшысы көші-қон мәселесі Үкімет назарында екенін айта келе, Қоянды ауылында ауыз су мәселесін шешу үшін тезірек жергілікті жерде жобалық-сметалық құжаттама дайындау қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ, күн тәртібінде тұрған жол, электр жарығымен қамтамасыз ету тәрізді түйткілді мәселелердің де алдағы уақытта шешілетінін жеткізді. Өз кезегінде тұрғындар атынан сөз алған Гүлісхан Домалайқызы Астананың іргесіндегі елді мекендерде заңсыз жер иеленуді тоқтатып, осы мәселені тәртіпке келтіргені үшін облыс әкіміне алғысын білдірді.

Аслан ОСПАНОВ.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар