Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазіргі қоғамда әйелдер мәселесі өткір тұр - АРҚА АЖАРЫ

Қазіргі қоғамда әйелдер мәселесі өткір тұр

«AMANAT» партиясы әйелдер қа­натының бірінші отырысына өңірлерден кел­ген 100-ден астам белсенді әйел қатысты. Олар екі күн бойы әйелдердің мем­лекеттің қоғамдық-саяси өміріне қатысу аясын кеңейту, кәсіпкер әйел­дерді қолдау және инклюзивті қоғамды дамыту мәселелерін талқылады.

Сөз басында Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдердің құқығын қорғау және отбасылық құндылықтарды нығайту мәселесі әрқашан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында екенін атап өтті.

−Әйелдер қанаты өз жұмысын бас­тағаннан кейін гендерлік мәселелер биік мінберден жиі айтыла бастады. Біз белсенді әйелдердің басын қосып қана қоймай, шешім қабылдауға және жауап­кершілікті өз мойнына алуға қабілетті көшбасшы әйелдердің жаңа буынын қалыптастыруымыз керек. Қазірдің өзінде партиямыздың қатарында жауап­ты жұмысқа, оның ішінде депутат, әкім лауазымдарына дайын әйелдер өте көп, – деді ол.

Барлық дерлік мемлекеттік орган тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерімен қандай да бір деңгейде айналысады немесе тым бол­мағанда айналысуы тиіс. Бірақ, бұл жұмысқа келгенде жалпы тәуелсіз ба­қылау жоқ.  Осы мәселені аталмыш оты­рыста Мәдениет және ақ­парат министрі, әйелдер істері және отба­сылық-демографиялық саясат жө­ніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева айтып өтті:

−Әйелдер қанатына тұрмыстық зор­лық-зомбылықтың алдын алу жұмысына қатысты аймақтар мен ми­нистрліктер басшылары пікіріне ұдайы құлақ аса отырып, әйелдердің күн тәр­тібіндегі мәселелерінің орындалуына қоғамдық бақылау функцияларын алуды ұсы­намын, – деді ол.

Қазір қоғамда әйелдер мәселесі өткір тұр. Бұл – гендерлік тең­сіздік, тұрмыстық зорлық-зомбылық, білім алудың қолжетімділігі, діни радикалдану және соған байланысты проблемалар.

−Сондықтан, Президент заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөледі. Мемлекет кез келген қылмыстың, соның ішінде әйелдерге қатысты қыл­мыстың жолын қатаң түрде тоқтатуы керек. Әйелдер өз кезегінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеуі тиіс, – деп  атап өтті Аида Балаева.

Елімізде гендерлік теңдік мәселелері мемлекеттік саясаттың ба­сым бағыттарының бірі. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының бастамасымен өңірлерде отбасын қолдау орталықтары, мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан жастар ресурстық орталықтары құ­рылды.Бүгінгі таңда аталмыш орталықтардың бірыңғай тұжырымдамасы әзірленуде.Аида Балаева партияның әйелдер қанаты орта­лықтарының жұмыс әдістері мен әдіс­темесі, қызметкерлерді оқыту, біліктілі­гін арттыру, жаңа көзқарастарды қалып­тастыру және инновациялық әдістерді енгізу тиімділігін арттыруға атсалысуға шақырды.

Сонымен қатар, делегаттар Прези­дент Жолдауы мен оның сайлауалды бағдарламасы, сондай-ақ «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында елімізде ана мен бала бақытты өмір сүруі үшін жағымды жағдай жа­салып жатқанына назар аударды. Атап айтқанда, бала күтіміне берілетін төлем 1,5 жасқа дейін ұзартылды, көпбалалы аналарға тағайындалған жәрдемақы мөлшері ұлғайтылып, әлеуметтік жағ­дайы осал отбасыдан шыққан 100 мыңнан астам бала балабақшаларда тегін тамақпен қамтылды. Ал, 2024 жылы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор – балаларға» деп аталатын мүлдем жаңа бағдарлама іске қосылады.

Ауыл тұрғындарының табысын арт­тыруға арналған «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылардың шамамен 30 пайызы қыз-келіншектер, ал6 қаржылық сауатты арттыруды көздейтін «Қарызсыз қоғам» жобасы түлектерінің 58 пайызы  көпбалалы аналар болып табылады.

«AMANAT» партиясыныңхатшысыШолпанКариноваіс-шара модераторы болды. Жиынға қатысушылар бірқатар бастама көтерді. Атапайтқанда, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және ассоциалдық құбылыстардың алдын алу мәселелері бойынша облыс әкімдерінің тұрақты тыңдауын өткізу, әйелдерді скринингтен өткізу және олардың денсаулығын қадағалау мақсатында «Әйел саулығы ден ісау ұрпақ кепілі» жаңа жобасын іске қосусынды ұсыныстар айтылды.

Өз кезегіндеТараздан келген делегат, «Жан шуақ» сыйлығының лауреаты АнарБексұлтанова әйелдер мен әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың маңы­зына тоқталды.

–Қазіргі қоғамда тағдыр тауқыметін көріп жатқан әйелдер аз емес. Дегенмен,олардың арасында алдынан шыққан кедергілерге мойымай жетістікке жетіп, қоғам мен ел дамуына белсенділік та­нытып жүргендер де жетерлік. Ол үшін мемлекет пен партия тарапынан қол­даулар да ауыз толтырып айтарлықтай.  Сондай азаматшалардың бірі менмін. Орайы келгенде, өзім туралы аз-кем айта кетсем. Мен мұғалім білімін алып, жиырма үш жыл Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде экскурсовод болып қызмет атқардым. 2013 жылдан бастап нар тәуекел деп жеке кәсібімді аштым. Бүгінде «Әдеміқызжасауы» деп атала­тын тігін шеберханамда 5 азаматты тұ­рақты жұмыспен қамтып отырмын. Әрине, барлығысіз бен біз ойлағандай оңай бола салмайды. Барлығына қа­жырлы қайрат пен қаржылық қолдау қажет. Сондықтан,жеке кәсібімді да­мытуға мемлекет тарапынан 5,5 мил­лион теңге грант, 3 миллион теңге несие алып, жұмысымды жалғастырудамын. Жеке кәсібімнен бөлек қоғамдық өмірге де белсене араласып келемін. Нақтырақ айтсам, 2019 жылдан бастап «Шеберша­ңырақ» мүгедектер қоғамдық бірлес­тігіне жетекшілік етемін. Бірлестік об­лыс­тағы мүгедектігі бар, мүгедек бала асыраушы 200-ге жуық ананың өмірге бейімделуіне көмек көрсетіп келеді, – деді ол.

Ал, Көкшетау қаласынан келген делегат Айнагүл Балташеваның айтуынша, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарға жан-жақты қолдау көрсету қажет.

−Бүгінде елімізде денсаулығында ерекшеліктері бар бала санының тө­мендемей тұрғаны бәрімізді алаңдатады. Өздеріңізге белгілі, ерекше бала тәр­биелеп отырған аналар мен мүгедектігі бар әйелдерге қолдау жасауды жүйелі түрде жүргізу өте өзекті. Осыған орай,әйелдер қанаты жұмысын үйлестіру әрі жетілдіру үшін үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен қоғамдық пікір көшбасшыларын бір арнаға тоғыс­тырсақ, нұр үстіне нұр болареді. Біз,ақмолалық әйелдер қауы­мы «Қолғабыс» жобасын бастап, ба­лалардың ерекше қабілеттерін ес­керіп, инклюзиялық қолдау орталық­тарын ашуды бастаймыз. Мен мұғалім ретінде бұл бағытты жақсы түсінем, тиісті деңгейде ұйымдасты­ра­мын. Сонымен қатар ерек­ше балақай­лар­ды қолдау, әлеуметтендіру мақсатында өзге балалармен тең және қатарлас командалы қойындардың рөлін пай­далана отырып, «Тең мүм­кіншіліктер әлемі» инклюзивтік спорт фестивалін өткізуге белсене атсалы­самыз деп шештік, – дедіол.

Ұлттық ғылым ака­демиясының президенті Күнсұлу Закарья QazScience – AMANAT fest халықаралық ғылым фестивалін өткізуді ұсынды. «ЮНЕСКО деректері бойынша қазір әлемдік ғылымдағы әйелдердің үлесі небәрі 30 пайызды құрайды. Ғылым саласының проблемалары жеткілікті. Ал,Орталық Азия өңірінде жағдай біршама жақсырақ. Ғылымдағы әйелдердің үлесі әлемдік көрсеткіштен едәуір асып түседі және шамамен 50 пайызды құрайды.

−Менің ойымша, мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, біздің әйелдер қауымының құлшынысы жоғары және олар үлкен табандылыққа ие. Олар өзбіліктілігін арттыруға, түрлі курс пен тағы­лымдамадан өтуге белсенді қаты­сады. Мысалы, 2018 жылы әйел ғылым докторларының саны 595 болса, биылғы жылы олардың саны 714-ке дейін өсті. Олардың барлығы 55 жастан асқан және басым көпшілігі білім беру саласында жұмыс істейтіні рас.Еліміздегі 22 мың ғалымның 2 427-сі әйел ғалым-кандидаттар, 992-сі PhD док­торы, 28-і профильді доктор. Екіншіден, әйелдердің ғылыми-зерттеулер мен әзірлемелерге қатысуы артып келеді. Бұл ретте, әйел ғалымдардың ең көп саны медицина ғылымдары саласында, әлеуметтік ғылымдарда,  гумани­тарлық ғылымдар саласында, жара­тылыстану ғылымдарында, ауыл шаруашылығы ғылымдарында, инженерлік әзірлемелер мен тех­нологиялар саласында  жұмыс істейді.Үшіншіден, тағы бір айырмашылық – зерттеуші әйелдер негізінен білім беру саласында және мемлекеттік секторда, ал, ер адамдар жоғары жалақы мен мансаптық мүмкіндіктерді ұсынатын жеке секторда басым болып келеді.  Бұл үрдіс тіпті зерттеуші әйелдердің жоғары пайызы бар елдерде де жалғасуда,−деді өз сөзінде спикер.

Бүгінде ЮНЕСКО-ның жаңа интерактивті ресурсы қыздарды математика мен нақты ғылымдарды оқытуда қолдаудың маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге, оларды жас кезінен бастап ынталандыруға шақырады. Дегенмен, дәл ғылымдар, техника, технология және математика саласындағы әйел зерт­теушілер саны аз екенін көруге болады. Мысалы, Корея Республикасында зерттеушілердің тек 17 пайызы әйелдер, ал, инженерлік ғылымдардағы әйелдердің үлесі небәрі 9 пайызды  құрайды екен.

Сондай-ақ, жиында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мемлекет басшысының тапсыр­масын орындау мақсатында министрлік «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын жүзеге асыру жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті.

−Үш жылда 21 мың әйелге экстра­кор­поралдық ұрықтандыру қызметі ұсынылды. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде 8 мыңнан астам әйел жүкті болып, 5 мың отбасында көптен күткен 6 мыңнан астам бала дүниеге келді. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберін­де жыл сайын 7 мың квота бөлу көз­делген, – деді  министр.

Ведомство басшысының айтуынша, 3 жылда елімізде бас-аяғы 1,5 миллионға жуық сәби дүниеге келді. Жалпы, елі­мізде 6 миллионнанастамбала мен босанужасындағы 4 миллионнанастамәйел бар.

− Әйел денсаулығының жақсы болуы – ұрпақамандығы, ұлтсаулығы, мем­лекетіміздіңбаянды, жарқынболашағы. Кейінгі 6 жылдаеліміздебосанукөр­сет­кіші 7 пайызғаөсіп, жаңатуғансәбилер саны 15 пайызғаартты. Жылсайын 500 мыңғажуықәйелжүктіболып, олардың 99 пайызы медицина қызметкерлерініңжітібақылауындаболады, – деп толықтырды өз сөзін Ажар Ғиният.

Сонымен қатар, іс-шарада Әйелдер қанатының тең төрағасы Зарема Шау­кенова жаңа Этикалық кодекс пен «Психологиялық қызмет туралы» заңды әзірлеу жөнінде бастама көтерді. Мә­жіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова өз сөзін әйел көшбасшыларды даярлау әдісіне арнады, ал, оның әріптесі Юлия Кучинская харассмент, гендерлік бюджет және гендерлік сараптама мәселелері бойынша заңдарға түзетулер енгізуді ұсынды.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар