Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атап өткеніндей, «Тәуелсіздік – мемлекеттіліктің берік тірегі, тарихы бай, тамыры терең Қазақстан үшін бұдан асқан құндылық жоқ. Бұл – ең қымбат қазына. Сондықтан, біз ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікті бағалаймыз. Егемендік – әр халықта бола бермейтін баға жетпес игілік».
Бүгінде еліміздің тәуелсіздік алғанына отыз үш жыл толып отыр. Осы қысқа мерзім ішінде қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан үлкен жолдан өтті. Біз жас мемлекетіміздің тұрақты экономикалық өсуін, тиімді әлеуметтік қорғау жүйесін және халықаралық қауымдастықтағы беделін лайықты түрде мақтан етеміз.
Қазіргі уақытта елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған саяси реформалар жүргізілуде. Республиканың әрбір тұрғыны болашаққа сеніммен қарап, Жаңа, Әділ Қазақстанды құруға белсене атсалысуға ұмтылатынына сенімдімін.
Еліміздің басты құндылығын нығайтуға Ақмола облысының тұрғындары да өз үлестерін қосуда. Облыстың ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі, экономиканың барлық негізгі салаларындағы табыстарына қуанбасқа болмайды.
Құрметті жерлестер!
Сіздерге туған жеріміз – Ақмола өңірінің игілігі жолындағы күнделікті еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын!
Бұл мереке баршамызға біздің ортақ Отанымыздың, бүгінгі және келер ұрпақтардың жарқын болашағына деген сенім мен күш-қуат берсін! Алда бізді жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен береке, жақсылық, барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін.
Тәуелсіз Қазақстанымыз нығайып, гүлдене берсін!