Құрметті энергетика саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Энергетика – ел экономикасының негізгі салаларының бірі, үйіміз бен жұмыс орнымыздағы амандық-саулық пен тыныштық осы саланың тұрақты және тиімді жұмыс істеуімен тығыз байланысты.
Энергетиктің жұмысы ең жоғары кәсібилікті, жауапкершілік пен тәртіпті талап етеді. Энергетика саласындағы кәсіпорындарда тәжірибелі, жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, оларға өздері қызмет көрсететін нысандардың қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Құрметті жерлестер!
Сіздер облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарын, әлеуметтік нысандарын және аймақтың барлық тұрғындарын өмірлік маңызы бар жеңілдіктермен қамтамасыз етіп келесіздер. Сондықтан, сіздерге жақсы ұйымдастырылған, жедел де үздіксіз жұмыстарыңыз үшін көп рахмет!
Осы орайда, әсіресе сала ардагерлеріне ерекше алғыс білдіргім келеді. Олардың қажырлы еңбегі, кәсіби білімі мен тәжірибесі біздің аймақтың энергетикалық кешенінің қуатты базасын қалыптастырды. Осынау қиын да құрметті мамандықты өмірлік кәсібі ретінде таңдаған энергетиктердің жас буыны бұл озық дәстүрлерді лайықты жалғастыра білуде.
Осынау мереке күні сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін. Кәсібилік пен өз істеріңізге берілгендік әрқашанда сіздердің басты қасиеттеріңіз болып қала берсін!