Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда электр қуатын беру мәселесі бойынша жиын өтті - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда электр қуатын беру мәселесі бойынша жиын өтті

Облыстық әкімдікте облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен, басқармалардың басшылары, аудан, қала әкімдері, энергиямен қамту ұйымдары өкілдерінің қатысуымен электрмен қамтудың проблемалы мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кездесуді ашқан өңір басшысы ал тұтынушыларды сенімді және үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету біздің басты міндетіміз екенін атап өтті.

«Электр энергиясы қазіргі өркениеттің негізі, онсыз қоғамның қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Электр желілерінің негізгі бөлігі өткен ғасырдың 60-70 жылдары салынғанын, олардың қызмет ету мерзімі стандартты тозудан асып түсетінін ескеру қажет. Тарифке енгізілген жаңғырту бағдарламасы электр желілерін жаңартуға мүмкіндік бермейді, іс жүзінде тозу көрсеткіштері азаймай отыр, әлеуметтік шиеленіспен қатар технологиялық бұзушылықтар саны да артып келеді. Тек соңғы үш айда әлеуметтік желілерде шамамен 250 теріс басылым жарық көрді», – деп атап көрсетті М. Ахметжанов.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаевтың айтуынша, облыста 9 энергия тасымалдаушы ұйыммен электр энергиясын жеткізу және тарату жұмыстары жүргізілуде.

«Облыстағы электр желілерінің ұзындығы шамамен 29 мың км құрайды, орташа тозуы 70 пайызға жуықтайды.

Электр желілерін жаңғырту энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың инвестициялық бағдарламаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда саладағы негізгі проблемалық мәселелердің бірі бюджет қаражаты есебінен салынған электрмен жабдықтау желілерін энергия таратушы ұйымдарға беру болып табылады. Бұл 1,1 мың км-ден астам электр желілері мен 487 электрмен жабдықтау объектілері, олардың берілуі халық арасындағы әлеуметтік шиеленіске тікелей әсер етеді, өйткені тұтынушылардың едәуір бөлігі қызмет көрсететін ұйым электрмен жабдықтау қызметтерін қаржыландыруға арналған үстемеақыны ескере отырып төлеуге мәжбүр

Биыл электр желілерін беру жоспары бекітілді. Таратылатын желілердің ең үлкен бөлігі Целиноград, Аршалы аудандарында және Қосшы қаласында орналасқан.

Ақмола облысын энергиямен жабдықтау желілерін дамыту мақсатында бүгін департамент «Энергия ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты» АҚ-мен «Ақмола облысында 35 кВ және одан жоғары электр желілерін 2035 жылға дейінгі перспективамен дамыту схемасын әзірлеу» жобасын іске асыру үшін меморандумға қол қойды.», – деді басқарма басшысы.

Іс-шара барысында табиғи монополияларды реттеу мәселелері жөніндегі департаменттің басшысы Думан Қалибеков, «Kokshetau Energy» ЖШС директоры Досымхан Аралбаев және т.б. сөз сөйледі.

Зеренді, Целиноград, Аршалы аудандарының әкімдері аудандардағы электр қуатымен қамтамасыз ету жағдайы туралы айтты.

Жиын соңында Марат Ахметжанов халықты үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету үшін бірігіп әрекет етіп, проблемалы мәселелерді жедел шешу қажеттігін айтты.

«Әрбір жоба жобалау кезеңінде ерекше бақылауға алынып, қажетті мерзімде пайдалануға беруді қамтамасыз ету керек және барлығы сапалы орындалуы қажет», – деді өңір басшысы.

Дереккөз:  www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар