Ақмола облысының жаңа сайлау комиссиясын құру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.
Құрылған сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасындағы сайлауды дайындауды және өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органы болып табылады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Жеті саяси партияның ұсыныстары бойынша сайлау комиссиясының жаңа құрамына сайлау комиссиясының 7 мүшесі сайланған.
Сайлау туралы Конституциялық заңының 10-бабы және 20-бабы 2-тармағымен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сайлау комиссияларының бірінші отырысында аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары және хатшылары сайланды.
Облыс тұрғындарына сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы мәслихаттардың шешімі туралы және олардың орналасқан жері туралы хабардар етеміз.
«Ақмола облыстық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы кезектен тыс сегізінші сессиясының № 8С-8-2 шешімі.
Ақмола облыстық сайлау комиссиясының құрамы: төраға – Сәдуов Манарбек Айдарбекұлы, төрағаның орынбасары – Политкин Николай Афанасьевич, хатшы – Көштаева Әсия Жасқайратқызы, комиссия мүшелері: Бекентаева Алма Болатқызы, Мамилин Қадырғазы Жұмағазыұлы, Немешев Игорь Сергеевич, Омарова Шынар Қарағожынқызы.
Орналасқан жері: 020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89, тел. 8 (716 2) 51-40-12.
Ақмола облыстық мәслихаты.