Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Рождество Христово мейрамымен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Шын жүректен сіздерді Рождество Христово мейрамымен құттықтаймын! Бұл христиан күнтізбесінде жаңа өмірдің басталуын, жақсы күнге үміт пен сенімнің нығаюын білдіретін басты мейрамдардың бірі. Осынау жарқын күндер дінге сенушілердің көңілінде қайырымдылық, ізгілік және сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді ұлғайтып, адамдарды бір-біріне отбасы бақытын, ниет пен ойдың бірлігін тілеп, жақындаса түсуге үндейді.

Біздің елімізде Рождество Христово адамдар арасындағы өзара түсіністік пен құрметтің, үйлесімділік пен мейірбандықтың, ұлттар мен ұлыстар бірлігінің нағыз көрінісі болып табылады. Бұл ретте, әртүрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-бірін құттықтап, жақсылық пен бақыт тілеп жататындығы осының нақты айғағы.

Біздің еліміз көреген мемлекеттік саясаттың арқасында ондаған жылдар бойы түрлі діндер мен мәдениеттердің, конфессияаралық және ұлтаралық келісімнің жарқын өнегесін көрсетіп келеді.

Біздің облысымызда ондаған  ұлттардың өкілдері өзара құрмет пен бейбіт жағдайда бір-бірімен тату-тәтті өмір сүруде. Олардың барлығы діни және мәдени ерекшеліктеріне қарамастан, біздің Отанымыздың игілігі үшін жұмыла еңбек етіп, көпұлтты республикамызда берік орын алған бірлігіміз бен келісімімізді нығайтуға лайықты үлестерін қосуда.

Рождество Христовоның жарқын мейрамы әрбір отбасына бақыт пен жайлылық әкелсін. Бейбітшілік пен ынтымақ Қазақстан Республикасында алдағы уақытта да басты құндылықтарымыз болып қала берсін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар