Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Меже – 300 комбайн - АРҚА АЖАРЫ

Меже – 300 комбайн

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында өндірісті игеруде жаңа технологияларды қолданатын, өнімділікті тұрақты арттыратын, үздік әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істейтіндерге сенім артып отырғанын атап өткен еді.

Расында бүгінгі күні мемлекеттік қолдаудың арқасында іске қосылып, өндіріс көлемін арттырып отырған кәсіпорындар үлес қосатыны сөзсіз. Бұған біздің кәсіпорын да өз үлесін қосады деп ойлаймын. Өйткені,  қазіргі кезде осы бағытта ауқымды шаралар қолға алынып, нәтижесін беруде. 2011 жылы Көкшетау қаласының индустрияландыру картасында «Вектор» комбайн зауыты пайда болды. Алдымен қаңырап бос тұрған ғимаратты бәссауда арқылы сатып алдық. Кейін құрастыру цехын аштық.  
Бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны «ҚазАгроҚаржы» және «Ростсельмаш» комбайн зауыты» акционерлік қоғамдары арасындағы мәміле негізінде құрылған «Вектор» комбайн зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  «Вектор-410 KZ» дала кемелерін құрастырып, кепілдендірілген сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Қажетті комбайн бөлшектері Ресей және Беларусь елдерінен жеткізіледі. Зауыттың қуаты жылына 300 комбайн құрастырып, шығаруға жетеді. Жалпы, «Вектор-410 KZ» комбайнының Қазақстан нарығында үлес саны жыл санап артып келеді. Осы күні Атбасар ауданындағы «Полиграф-Астана» және Шортанды ауданындағы «Бектау»  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері  тәрізді көптеген шаруашылықтардың егістік алқаптарында комбайнның осы түрін жиі кездестіруге болады. Нақтылай айтсақ, республикамыздағы егін жинау техникасының  50 пайызға жуығы осы комбайндардың үлесінде деп толық сеніммен айтуға болады. Бұл комбайндардың өзге шетелдік техникалардан артықшылығы ол бағасының қолжетімділігінде болып отыр. Оған қоса, «Вектор-410 KZ» өңіріміздің климаттық ерекшеліктеріне қолайлы, жеңіл басқарылады әрі жергілікті жағдайда жөндеп те алуға болады. Ал, өнімділігі жағынан шетелдік комбайндардан еш қалыспайды.
Сатуға келетін болсақ, жоспарлы көлемді «Ростсельмаш» компаниясымен он жыл бойы әріптестік байланыстағы «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы жүйесі арқылы жүзеге асырудамыз. Қазіргі таңда өндірістік алаңдарымызды жаңғыртып, қуаттандыру үстіндеміз. Осының арқасында қосымша цехтарды ашу арқылы өндіріс көлемін ұлғайтудамыз. Оған кеден режіміне сәйкес,  өнімдерімізді қосымша құн салығынсыз босатудың арқасында комбайнның бағасы арзандап, ауыл еңбеккерлері үшін оны сатып алуда айтарлықтай жеңілдіктер туып отыр.
Мәселен,  2015 жылы зауытта барлығы 222 «Вектор-410 KZ» комбайны құрастырылды. Биыл бұл межені 300-ге жеткізуді көздеп отырмыз. Оған қоса, өзімізде сервистік қызмет көрсету орталығы болған соң, өңірдегі көптеген шаруашылықтарға қызмет көрсетудеміз. Алдағы уақытта оны да кеңейтетін боламыз. Біздің жұмыс мұнымен шектеліп қалмайды. Алдағы жос-парларымыз да ауқымды. Мәселен, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қосымша орындарды салып,  инфрақұрылымды дамыту көзделген. Оның ішінде алдағы 2017 жылы зауыт аумағында қазіргі заманғы сервистік қызмет көрсету орталығын,  2018 жылы №2 өндірістік цех пен қосымша қойма салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ,  өндірістік желіні кеңейту арқылы өнімнің отандық үлесін 40 пайызға жеткізетін боламыз. Қазірдің өзінде көптеген қажетті қосалқы бөлшектерді отандық зауыттардан алып отырмыз. 2015-2016 жылдары өндірісті әртараптандыру бағытында нақты шаралар қолға алынып, қазіргі заманғы «Агросоюз-Хорш» тұқым себу кешендері мен комбайндарын шығару жобасы да қолға алынуда. Осы мақсатта мамандарымызды Ростовтағы зауытта кезең-кезеңімен оқыту үстіндеміз. Жобаның жүзеге асырылуы өңірде жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізетін болады.
Аграрлы облыс болғандықтан, өңірімізде комбайн зауытының болуы ол заңдылық. Егінді өз техникамызбен егіп, жинап алу біз үшін тиімді болатыны сөзсіз. Сондықтан, Елбасының Ұлт жоспарында айтылған міндеттерді орындауда біздің «Вектор» комбайн зауыты да  өз үлесін қосатыны анық.

Юрий БАШУРОВ,
«Вектор» комбайн зауыты»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар