Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ең маңызды және өткірсұрақтарға ашық жауап берілді - АРҚА АЖАРЫ

Ең маңызды және өткірсұрақтарға ашық жауап берілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты әрине, 2024 жылдың басындағы басты жаңалық болды.

Мемлекет басшысы «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлының сұрақтарына ашық жауап беріп, екі жыл ішінде болған оқиғалар туралы өз көзқарасымен бөлісті және алдағы кезеңге арналған міндеттерді белгіледі.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Қаңтар мен оның салдарларына қатысты өз ұстанымын тағы да айқын атап өтті. Президент екі жыл бұрын орын алған  қайғылы оқиғаларға көпжыл бойы шешілмеген әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен жалпы тоқырау,билік пен қоғамның деградациясы алып келгенін атап өтті. Сондықтан,Мемлекет басшысының барлық іс-әрекеттері елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық процестерді терең реформалауға бағытталды.

Осыған байланысты 2023 жылыМәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауының өткізілуі  маңызды қадамдардың бірі болды деп санаймын. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, биліктің өкілді тармағының өкілеттігі едәуір кеңейтілді. Әрине, Мәжілістің де, мәслихаттардың да депутаттық корпусының Қазақстан халқы алдындағы жауапкершілігі артып келеді. Бірлескен күш-жігермен біз барлық реформалар мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бақылауға алып, атқарушы билік органдарын сапасыз жұмысы үшін, бюджетті, яғни, халық қаражатын ұтымсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тарта аламыз.

Өз сұхбатында Президент халықтың кредит пен берешекке батуы, бағалардың өсуі, тарифтердің көтерілуі, отын-энергетика кешені мен коммуналдық шаруашылықтың ағымдағы жай-күйі, атом электрстанциясының құрылысы, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы жазаларды қатаңдату, кадр саясатын қалыптастыру, сыртқы саяси ахуал, Қазақстанның Қытаймен және Ресеймен қарым-қатынасы, идеологиялық ахуалтуралы және басқа да мәселелерге тоқталды. Бір сөзбен айтқанда, қазақстандықтарды толғандыратын барлық өткір сұрақтарға жауап беріп, оларды шешу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Менің ойымша, бұл сұхбат көптеген қазақстандықтар үшін үлкен жаңалық болды және бүгінгі күн тәртібінің көптеген бағыттары бойынша Президенттің жеке ұстанымы туралы нақты түсінік берді.

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар