Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары жанжалға сезімтал және дағдарыстық коммуникациялар бойынша тренингке қатысты.
Іс-шараны барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары үшін облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды. Екі күн бойы танымал медиа-жаттықтырушылар Айнұр Қоскина, Марат Садықов, Гүлмира Біржанова халық қалаулыларына жанжалды жағдайларда интернет-платформалар мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, өздерін қалай ұстау мен коммуникация дағдыларын үйретті. Қатысушылар фото және бейнетүсірілім, роликтерді монтаждау, депутаттық қызметті жариялауға көмектесетін пайдалы цифрлық ресурстар мен қосымшаларға сілтемелер бойынша практикалық кеңестер алды, медиа саласындағы құқықтық мәселелерді талдады. Тренинг аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.