Облысымыздан сайланған Парламент депутаттары жұмыс сапарымен Көкшетауға келді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекенов, Талғат Жүнісов және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айна Мысырәлімовамен кездесті.

Кездесу барысында өңір басшысы депутаттарға атқарылған жұмыстар үшін алғысын білдіріп, өткен жылдың қорытындылары және даму перспективаларымен таныстырды.

– Өздеріңіз білесіздер, Ақмола облысының экономикалық әлеуеті жеткілікті және одан әрі әлеуметтік-экономикалық өсуге барлық мүмкіндіктер бар. Облыс бірегей географиялық жерде орналасқан. 2024 жылы облысымыз үшін маңызды жобаларды жүзеге асыру жалғасады. КТҚ және СТҚ, сондай-ақ, Көкшетаудағы жылу электр орталығы жобаларын іске асыру мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған агломерацияны дамытудың жаңа кешенді жоспарының жобасы әзірленді, – деді облыс әкімі Марат Ахметжанов.

Облысымызға жұмыс сапары аясында депутаттар бірқатар аудандардағы елді мекендерді аралап, тұрғындарды алаңдатып отырған өзекті мәселелермен, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын аралап көреді.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар