Алда үлкен міндеттер тұр

Аудан фермерлері өткен ауыл шаруашылығы жылын аяқтады. 2023 жыл қиын болды. Құрғақ және ыстық жаз дәнді дақылдардың өсуіне және қалыптасуына теріс әсер етті, кейінірек жиі және мол жауын-шашын өнімділікті одан әрі төмендетіп, астық сапасын нашарлатып жіберді.

Бүгінгі таңда Атбасар ауданының аграрлық секторында 240 шаруашылық субъектісі өз қызметін жүзеге асырады.  Оның 76-сы серіктестік, 164-і  шаруа қожалығы.

Өткен жылы дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 393 684 гектар алқаптан жиналды. Олардың орташа өнімділігі гектарына 9,1 центнерді, ал, жалпы өнім 362 821,8 тоннаны құрады.  Сонымен бірге, картоп 1001,4 гектар  алаңнан жиналды. Осының барлығы әрбір ауыл еңбеккерінің қажырлы еңбегі және мемлекетіміздің дұрыс аграрлық саясатының нәтижесі.

Дегенмен, ауыл шаруашылығы экономиканың ең болжаусыз секторы болып табылады, өйткені, көбінесе климаттық жағдайларға байланысты. Бірақ, қандай жағдай болмасын, «Шуйское ХХ1», «Полтавка 2», «Әріп-Агро»  «Алтын дән»  «Абдуәлиевтер», «Шыңғыс», «Бастау», «Қаражар Агро 2019», «Нұр-777», сондай-ақ, орта шаруашылықтар ретінде саналатын «Қазақстан 2030», «Алатау», «Ащыкөл» серіктестіктері және тағы басқалары өз ісін абыроймен және кәсіби түрде жүргізді. Ауыл шаруашылығы мәдениетін арттыру, осы сала құрылымдарында агротехникалық іс-шараларды уақтылы және сапалы жүргізу бойынша көпжылдық мақсатты жұмыстың нәтижесінде ең жоғары өнімге қол жеткізілді.

Биылғы жылы аудан  шаруалары жалпы сомасы 3,3 миллиард теңгеге 37 техника сатып алып, машина-трактор паркін жаңартты. Сондай-ақ, жыл сайын субсидиялар түрінде мемлекеттік қолдау ұлғайту мен ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің минималды және нөлдік технологияларын игеру бойынша алаңдарды кеңейту жоспарлануда. Ауданның мал өсірушілері де жылды жақсы өндірістік көрсеткіштермен аяқтады. Нақтырақ айтқанда, 4 726 тонна ет, 21 725 тонна сүт, 8 127 мың дана тауық жұмыртқасы өндірілді.

Ауданның мал шаруашылығын дамытуға «Шуйское ХХ1», «Алтын  дән», «Шортанбай-2019», «Сепе-2012» серіктестіктері елеулі үлес қосты және алдағы уақытта жұмысты сол қарқынмен жалғастыру жоспарлануда.

Бүгінгі күнге дейін жеткен  жетістіктер мұнымен шектелмейді.  Себебі, ауданның аграрлық секторының әлеуеті айтарлықтай жоғары. Алда ауыл шаруашылығы саласында егіншілік мәдениеті мен егістік өнімділігі деңгейін одан әрі көтеру бойынша аса маңызды міндеттер күтіп тұр.

Осыны негізге ала отырып, ауыл шаруасы құрметті, бірақ, сонымен бірге, өте күрделі іс екенідігін айта кеткен жөн. Еліміздің ертеңгі күнге деген сенімі, азық-түлік қауіпсіздігі астық жинаушылардың, мал өсірушілердің, механизаторлардың, басқа да  мамандардың еңбек нәтижелеріне байланысты. Бүгінгі таңда өңір еңбеккерлері осыны түсінеді және сол жолда толымды нәтижелерге жетуге күш салып келеді.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
Арқа ажарының өз тілшісі. 

Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар