Халқын сүйген – салтын сүйер!
(Халық даналығы).
Аса киелі саналатын дәстүрлі ырымдардың бірі – тұмар тағу. Тұмар тағу ырымы ислам дінінен ада, байырғы түркілік дәстүр. Тәңірілік наным-сенімдегі әрісі түркілер, берісі көшпелі-қазақ үшін-Күн, көк, от, су, сияқты Жер де киелі. «Қара жер» – киелі жер деген мағынада. Байырғы көшпелілер тағатын тұмардың ішінде туған жердің бір шөкім топырағы болған. Тұмар сөзінің өзі байырғы түркі тілінде «тума ер» – «туған жер» деген сөздердің кірігуінен шыққан. Кейін ислам дінінің орнығуына байланысты тұмардың ішіне дұға жазып салу дәстүрі қалыптасты.
Қазақтың дәстүрлі ырымдары
Бала тоқтық тартса, тоқшылық болмақ.
***
Бала жол қараса, алыстан жолаушы келмек.
***
Бала шұлғыса, мал аман болып, өсіп-өнбек.
***
Бала басын шайқаса, жаманшылық болады.
***
Бала оң аяғын көтерсе, алыстан аңсаған туысқан келмек.
***
Бала атысып ойнаса, ұрыс-керіс болмақ.
***
Әйелдің тақымы тартса, жолаушылап кеткен күйеуі келмек.
***
Еркектің оң қабағы, әйелдің сол қабағы тартса жақсылық.
***
Әйелдің сол көзі қышыса қуанады, оң көзі қышыса күйеуі ренжітеді.
***
Алақан қышыса олжа болады.
***
Мұртың қышыса жақыныңды иіскейсің.
***
Табаның қышыса жол шақырады.
***
Ерттеп жатқанда жылқы тезек тастаса жол болады.
***
Төстің арам шеміршегін маңдайша мен босағаға ұрғанда жабысса, ат жүйрік болады.
***
Тасбақаның жанын қинасаң, күш жинап келіп кек алады.
***
Ордалы жыланға тиіссең, жиналып келіп кек алады.
***
Ит ұлыса бір қатер бар.
***
Сауысқан шықылықтаса, қонақ келеді.
***
Сиыр жиналып өкірсе, малға індет келеді.
***
Түсіңде күліп жүрсең, өңінде жылайсың.
***
Түсіңде жылап жүрсең, өңіңде күлесің.
Тіліңді тістеп алсаң, үйіңе ашыққан қонақ келеді.
***
Ат пысқырса, бір терлер.
***
Құйрықты жұлдыз туса, жұртқа бір жаманшылық.
Қазақтың дәстүрлі тыйымдары
Ойбайлама.
Өзіңді зор санама.
Өзіңді қорсынба.
Өтірік айтпа.
Саусағыңды тарақтама.
Сызға отырма.
Табаныңды тартпа.
Тамақ ішкен қолыңды сілікпе.
Таңдайыңды қақпа.
Тізеңді құшақтама.
Тіліңе ерік берме.
Тісіңді қайрама.
Тырнағыңды аузыңа салма.
Тырнағыңды түнде алма.
Үһлеме.
Ішегіңді тартпа.
Ысқырма.
Шашыңды жайма (қаралы емессің).
Қоғам
Адамға қарсы үй сыпырма.
Адамға саусағыңды шошайтпа.
Адамға түкірме.
Адамды санама.
Айыр, күрек, сыпырғыш, шот, кетпен, сияқты мүліктің басын жоғары қаратып қойма.
Ақты төкпе.
Ала жіп аттама.
Аңға алғаш шыққандағы олжаңды ешкімге сыйлама.
Аңшы аңға шығарда қаруы мен қамшысына әйел адамның қол жалғауына болмайды.
Асқа немесе тойға қымыз құйып әкелген сабаны мүлде сарықпа.
Асығып тамақ ішпе.
Асық мұжыма (Аш болсаң да асық мұжыма, тоқ болсаң да тобық мұжы).
Ас қайырмай дастарқаннан тұрма.
Ата-енеңнен, қайнағаңнан бұрын жатпа.
Ата-енеңнің, қайнағаңның атын атама.
Ата-енеңнің, қайнағаңның жатқан жеріне жатпа.
Ата-енеңнің, қайнағаңның төсегіне отырма, төсегін басып өтпе.
Ат құйрығын кеспе (тұлданған жылқының қүйрығын кеседі).
Ауған елге тиіспе.
Ауруға күлме.
Ауылдан аттанарда шаба жөнелме.
Шуылға шауып кірме.
Аяғы ауыр әйелге қоян етін жеуге болмайды (перзентінің еріні жырық болады).
Аяғы ауыр әйелге түйе етін жеуге болмайды (перзентін ұзақ көтереді).
Аяқ-қолыңды жіппен байлама.
Әдепсіз болма.
Әйел адам ақырын сөйлер болар.
Әйел адам еркекке қарсы қарап отырмас болар.
Әйел адам ер адамның қайда баратынын сұрамас болар.
Әйел адам етегін жауып отырар болар.
Әйел адам «жоқ» деген сөзді айтпас болар («түгесті», «байыды», «болып қалар», «бұйырса болар» т. б. деп жауап беру керек).
Әйел балаға ұрыспа.
Әйелге жалаңбас жүруге болмайды.
Әйелге жолаушының алдын кесіп өтуге болмайды.
Әйелге ер адамның алдын кесіп өтуге болмайды.
Байлығыңмен мақтанба.
Басқаны қор санама.
Басыңа қара не қызыл байлам тартпа (қаралы емессің).
Басыңды босағаға беріп ұйықтама.
Бас киімді айналдырып киме.
Бас киімді баспа.
Бас киімді теріс киме.
Бас киіммен ойнама.
Бәлеқормен бастас болма.
Бейуақта бейғам болма.
Бейуақта жылама.
Бейуақта кісіден көңіл сұрама.
Бейуақта ұйықтама.
Бейіт басынан қайтқанда басқа үйге кірме.
Бесікті ашық қалдырма.
Бесікті аяқ асты етпе.
Бесікті бір қолмен көтерме.
Бесікті көрінгенге берме.
Бесікті сатпа.
Бесікті теппе.
Беттеп келе жатқан көп малды бойлай бөліп өтпе.
Беті-қолыңды жуынбай тұрып малды өріске шығаруға болмайды.
Босағаға сүйенбе.
Босағаны керме.
Бос бесікті тербетпе.
Бөтен адамды мал ортасына кіргізбе (көз тиеді, мал шошиды).
Бөтен үйге түнде сәлем беріп кірме («Кеш жарық» деу керек).
Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.
Біреуге қиянат жасама.
Біреуге тесіліп қарама.
Біреудің ақысын жеме.
Біреудің ала жібін аттама.
Бір қолмен нан үзбе.
Бір қолыңмен су құйма.
«Бісіміллә» демей ас татпа.
Дастарқанды аттама.
Дастарқанды баспа.
Дастарқанды пышақпен қырма.
Дастарқан бұрышына отырма.
Дәм ішуді қонақтан бұрын доғарма.
Дос-жаран, құда-жекжаттан ит алма, ит берме.
Дүние қума.
Қазақ білсін!
Қазақтың дәстүрлі тыйымдары
Кәрі жілікті әйел балаға ұсынба.
Кешкі асты бақпа.
Кеште тырнағыңды алма.
Киімді желбегей жамылма.
Киімді теріс киме.
Көгенді аттама.
Көптен дараланба.
Көп ішінде жалғыз тамақтанба.
Көрпенің ірге жағын тұйықтап жатпа.
Көрпені теріс салма (яғни, көрпенің тұйық жағын босағаға қаратып салуға болмайды).
Көршіңе жамандық ойлама.
Күйеуіңнен бұрын жатпа.
Күйеуіңнің ірге жағына жатпа.
Күні түскенге кісәпір болма.
Күректің сабын аттама.
Кірдің суын баспа.
Кірдің суын есік көзіне төкпе.
Кісіге қарап бала емізбе.
Кісіге қарап есінеме.
Кісіге қарап орынсыз күлме.
Кісіге пышак, сұқтама.
Кісіні айналма.
Кісі келгенде тамақ сұрама.
Кісі келгенде үй сыпырма.
Кісі көзінше керілме.
Майлы тамақтан соң салқын су ішпе.
Малға баскиім лақтырма.
Малға зекіме.
Малға қант, тұз ұсынып шақырма.
Малға теріс қарап мінбе.
Малдың алғашқы сауымынан алынған майды асқа қолданба (босағаны, табалдырықты, киіздің етегін майла).
Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
Малдың бітіміне, сүттілігіне сұқтанба.
Малды бөтен адамға саудыртпа.
Малды қу шыбықпен немесе қабықталған ағашпен айдама.
Малды сауарда балтаны ағашқа шанышпайды.
Малды сауған соң қол жумай тұрып, қол беріп амандасуға болмайды.
Малшыдан «Не бағып жүрсің?», «Не сауып жүрсің?» деп сұрама.
Мал қораның есігін ашық қалдырма.
Мал қоршауына шықпа.
Мал сауатын ыдысты төңкеріп ұстама.
Мал сауып жатқанда иесімен сөйлесіп, сауынның жанына келуге болмайды.
Мал төлдеп жатқанда қарызға ештеңе берме.
Маңдайшаға төбеңді тіреме.
Мас қылатын ішімдік ішпе.
Мойынға белбеу салма.
Молаға қарай жүгірме.
Молаға қарап дәрет ұсатпа.
Моланы саусағыңмен көрсетпе.
Мүгедек адамды мазақтама.
Мүрдеге топырақ салғанда күректі екінші адамға қолмен берме.
Мүрдеге топырақ салғанда күректі табаныңмен баспа.
Намазды бөлме.
Нанды баспа.
Нанды бір қолмен үзбе.
Нанды жерге тастама.
Нанды лақтырма.
Нанмен ойнама.
Нанның ұнтағын тастама.
Ойланбай сөйлеме.
Ойланбай іс бастама.
Орынсыз кінә қойма.
Оттықты жақпа.
Өзгенің алдындағы асқа сұғынба.
Өзіңде жоққа мақтанба.
Өзіңе ұнамағанды өзгеге теліме.
Өз басыңа лайық емес сөз айтпа.
Өлген кісіні жамандама.
Өліктің дене топырағын сәндеме.
Өлімге бата жасап қайтқанда басқа үйге кірме.
Өлім бар да қаза бар екенін ұмытпа.
Өсек тасыма.
Өтірік айтпа.
Пышақпен ойнама.
Пышақтың жүзін жалама.
Пышақтың жүзін жоғары қаратып тастама.
Пышақты нанға қадама.
Сүйекті отқа салма.
Сүттің бетін ашық қалдырма.