Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қабырғалары құрастырылып салынып жатқан алғашқы үй - АРҚА АЖАРЫ

Қабырғалары құрастырылып салынып жатқан алғашқы үй

Өткен бейсенбі күні облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласын көркейтуде маңызды орын алатын бірқатар нысандарды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

 

Облыс басшысы Сергей Кулагин алдымен, өз өңірімізде өндірілген материалдардан салынып жатқан тоғыз қабатты көп пәтерлі тұрғын үй құрылысымен танысты. 2014 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде пайдалануға берілген кәсіпорын – «Регион строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Александр Дворцевойдың айтуына қарағанда, алдағы уақытта қалада 9 қабатты төрт тұрғын үй салу жоспарланған. Оның алғашқысы пилоттық жоба ретінде «Юбилейный» шағын ауданында салынуда. Мұндағы үйдің бір артықшылығы үйдің қабырғалары ірі панельден тұрғызылатындығында болып отыр.
Бір кездерде облыс орталығында тұрғын үй құрылысы комбинаты жұмыс істеген еді. Сол кезде Көкшетауда осындай көптеген үйлер салынды. Сол істі бүгінгі күні «Регион строй» серіктестігі жалғастырғалы отыр. Қазіргі кезде мұнда шығарылып жатқан ірі қабырғалық материалдар тұрғын үй құрылысын жеделдетуге игі септігін тигізетіні анық.  
–Біз шығарып жатқан панельдер үй құрылысында қолдануға өте тиімді. Артық-шылықтарын айтсақ, ол темір-бетон плиталар мен кірпіштен гөрі жеңіл. Өйткені, панельдің ортасы минералды мақтамен толтырылған. Бұл жылудың ұзақ уақыт сақталуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан құрылысшыларға құрастыруға да оңай, – дейді Александр Дворцевой.
Жаңадан салынып жатқан ғимараттың төрт қабаты тұрғызылған. Құрылыс жұмыстарына «НИКС Инжиниринг Групп ИВ» серіктестігі инвестиция салып отыр.  Нысанды келесі жылдың қаңтар айында пайдалануға беру жоспарлануда. Құрылыс алаңында болған аймақ басшысы жобаның  2050 жылға дейін Қазақстанның да муының стратегиялық бағыттарына, соның ішінде «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік  бағдарламасын жүзеге асыруға септігі тиетінін атап өтті.
Облыс орталығындағы бір кездері кеңес үкіметі үшін күрескен революционердің аты берілген саябақ соңғы жылдары қараусыз қалған болатын. Облыс əкімінің тапсырмасына сəйкес биылдан бастап  қалалық əкімдік аталған нысанды қалпына келтіруді қолға алды. Қазіргі кезде  мұнда əкімшілік-тұрмыстық корпустың құрылысы жүргізілуде. Қала басшылығының мəліметі бойынша аталған ғимараттың құрылысын аяқтау үшін 25 миллион теңге қаржы қажет көрінеді.  Облыс əкімі бұл қаржы жақын күндері берілетінін айтты. Оған қоса, қала басшылығына саябақтағы өзге нысандардың құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстарын заманауи үлгіде халықтың
демалуына барлық мүмкіндікті қарастыра отырып жүргізуді тапсырды.
– Саябақты шіріген ағаштардан тазартып, қосымша тез өсетін ағаш көшеттерін отырғызу және демалып отыратын орындықтар орнату қажет. Сонымен қатар, жер бедерін тиімді пайдалана отырып, шаңғы, жүгіру және велосипед жолдарын салу керек. Мұнда тұрғындардың отбасымен келіп демалып, көңіл көтеруі үшін қажетті қызмет пен инфрақұрылымның барлығы қарастырылуы қажет, – деді Сергей Кулагин.
Осы ретте, облыс басшысы мердігерлерге осындай саябақтары бар  Астананың тәжірибесін зерттеп, ең жақсы деген нұсқалары бойынша жұмыс істеуді тапсырды. Оған қоса, кеңес дәуірінде облыс орталығында орнатылған қызыл империя көсемдерінің ескерткіштерін осында шоғырландыруды ұсынды.
Сондай-ақ, бұл күні «Көкше Престиж» серіктестігінің астық қабылдау және сақтау кешенінің құрылысы да назардан тыс қалған жоқ.  Қазіргі кезде мұнда астық сақтайтын
8 банкі  орнатылған. Кешеннің қуаты жылына  19 мың тоннаны құрайды. Нысанды келер жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беру көзделген. Кешен жұмысына оң баға берген облыс әкімі қала басшылығына сол маңдағы күл-қоқыс төгілген жер телімдерінің иелерін анықтап, тәртіпке шақыруды тапсырды.

Суретті түсірген Ермұрат ДОСЫМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар