Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ат мінген полицейлер - АРҚА АЖАРЫ

Ат мінген полицейлер

түлік төресінің қадірін біледі

 Қазақ халқы ежелден жылқыны ерекше қастерлеген. Мұны салт-дәстүрлерімізден де айқын байқауға болады. Жылқы малының қазір де көп пайдасы тиіп келеді. Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының атты полиция взводының қызметкерлері осы аттардың көмегімен өз қызметтерін жақсы атқара білуде.  
Ат мінген тәртіп сақшылары саяжай учаскелерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайды. Аталмыш взвод 1999 жылдың мамыр айында құрылған екен. Қазіргі таңда оның  құрамында 28 полиция қызметкері бар. Мұнда негізінен күршім, қостанай, басқа асыл тұқымды аттар іріктеліп алынған. Олардың күтімі де ерекше назарда.
Атты полиция взводы облыс орталығының ғана емес, Бурабай, Зеренді аудандарының саяжайларын қадағалап, әртүрлі қылмыстық істерді ашуда. Қызметкерлер кейде жаз бойы іссапарда болады. Өзара алмасып, тәулік бойы жұмыс істейді. Олар үстіміздегі жылдың өзінде қоғамдық орындарда ішімдік ішкен, мас болған 555 адамды тәртіпке шақырған. Ұрлықтың 12 фактісі ізі суымай ашылса, қаңғыбастарға арналған оқшаулау орнына белгілі бір тұратын жері жоқ 10 адам жеткізілген. Сонымен қатар, көшеде ұрлық істеген 5 азаматты ұстап, көше қозғалысы ережесін сақтамаған 17 адамға әкімшілік жаза қолданылуына қол жеткізген. Сондай-ақ, биылғы жылы аталмыш взводтың аға сержанты Саят Нұғымановтың Қопа көлінде суға батып бара жатқан азаматшаны ажалдан құтқарып қалғанын ерекше атап өту керек.
Бұл қызметке келетін азаматтарға қойылатын жоғары талаптар жөнінде атты полиция взводының командирі Алтынбек Ибраев айтып берді.
– Біздің взводта қызметкерлерге қойылатын басты талап – жылқының тілін біліп, оны ұға алатын қасиеті болуы керек. Ал, ол бала күнінен ат жалында өскен азаматтың бойында ғана кездеседі. Бұған біз баса назар аударамыз. Содан соң бойы 165 сантиметрден асатын, білімді азаматтарды жұмысқа қабылдаймыз, – дейді ол. Бұдан әрі Алтынбек Есләмбекұлы Айбек Байманов есімді қызметкерінің ат спортынан екінші разрядты спортшы атанғанын, көкпар ойынына белсене қатысып, лайықты өнер көрсетіп жүргенін жеткізді. Үшінші жыл қызмет етіп келе жатқан Ғалымжан Есмахан бала күнінен қоғамдық тәртіпті қадағалайтын қызметкер болуды армандаған екен. Қазіргі күні сол арманының орындалып келе жатқанын қуанышпен айта келе, жылқы малының ерекшелігіне тоқталып өтті.
–  Көлік өте алмайтын жерлерден ат оңай өтеді. Сондықтан да, бұл жұмыс қылмыстық істерді ашуға да көп септігін тигізеді,  –  дейді ол өз сөзінде.
Міне, өздеріңіз байқап отырғандарыңыздай, ат құлағында ойнаған біздің жігіттер осы аттың тегеуірінділігі, жылдамдығы мен өзге де қасиеттерін полицияның қиын жұмысында да шебер пайдаға асыра білуде.

Назгүл РАБИЛОВА.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар