Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовпен кездесті.
Іс-шара барысында «Көкшетау қаласында жылу электр орталығының құрылысы» жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Кездесуде тараптар жобаның жобаланған техникалық-экономикалық негіздемесінің нәтижелерін талқылады және даму болашағы мен жаңа энергетикалық объект құрылысын ескере отырып, қаланы жылумен жабдықтаудың схемасын өзгерту қажеттігін айтты. Осы өңірдің электр мен жылу қуаттылығына тапшылығын жабу міндеті, талқылаудың негіздігі басымдылығы болды.
Өңір басшысы энергетикалық жобаның тұрғындардың жайлылығы үшін ғана емес, сонымен қатар өңір экологиясы үшін де маңыздылығын атап өтті.
«Жыл сайын Көкшетау қаласы белсенді дамып келеді, тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде, көп қабатты үйлер, кәсіпорындар мен әлеуметтік объектілер салынған жаңа кварталдар пайда болуда. Қазіргі уақытта, қалада аудандық қазандықтар өндіретін қуат жеткіліксіз. Жылу электр орталығының салынуы халықты ыстық сумен қамтамасыз етіп, электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді», – деді М.Ахметжанов.
Өз кезегінде, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында жасалған Меморандумды іске асыру мақсатында 2023 жылғы 26 желтоқсанда еліміздің үш қаласында үш жылу электр орталығын салу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Оның ішінде-Көкшетауда. Жобаны іске асырудың құқықтық, техникалық және қаржылық аспектілері егжей-тегжейлі пысықталды.
Сонымен қатар, кездесуде болашақ жылу электр орталығын орналастыру, сондай-ақ қажетті жабдықтау инфрақұрылымы мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмыс тобын құруға және осы жобаны жүзеге асыру жөніндегі жол картасын бекітуге уағдаласты.
Дереккөз: www.gov.kz