Бүгін облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облысының №2 көпсалалы облыстық ауруханасында болды. Денсаулық сақтау мекемесі елордалық 7 ауданның – Аршалы, Астрахан, Егіндікөл, Ерейментау, Қорғалжын, Шортанды, Целиноград және Қосшы қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.
Стационар 220 тәулік бойы және 60 күндік төсекке есептелген және 8 бөлімшеден – хирургиялық, акушерлік, гинекологиялық, урологиялық бөлімшелер, сондай-ақ жаңа туған нәрестелер патологиясы және шала туылған нәрестелерді күту бөлімшесі, инсульт орталығы және реанимациялық блоктан тұрады.
Облыс әкімі бөлімшелердің қызметімен танысып, мекеме қызметкерлерімен кеңес өткізді.
Кездесу барысында проблемалық мәселелер көтерілді. Оның ішінде-төсек санының 250-ге дейін ұлғаюы, травматология бөлімшелерінің және жүрек қан айналымы аурулары бар бөлімшелердің ашылуы. Бірлескен медициналық көмек көрсету бөлігінде Астана қаласының ауруханаларымен өзара іс-қимыл мәселелері жеке талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша Марат Ахметжанов елорданың медициналық мекемелерімен меморандум жасау мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Дереккөз: www.gov.kz