Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында қызылша ауруы бойынша жағдай тұрақтанды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында қызылша ауруы бойынша жағдай тұрақтанды

Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы брифингте Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, Ақмола облысы бойынша ДСЭК басшысы Айнагүл Мусина мәлім етті.

Оның айтуынша, биыл қызылшамен ауырған 270 жағдай тіркелген. Іс құрылымында ығысу, 14 жасқа дейінгі балалар арасында ауру санының азаюы және 19 жастан асқандар арасында өсу байқалады. Соңғы 6 аптада қызылшаның 34 жағдайы тіркелді, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 1,6 есеге азайған.

«Ауруға шалдыққандардың 34 пайызы екпе алмаған, оның ішінде екпеден бас тартқандар бар. Бұл дертке шалдыққандар арасында мектеп оқушылары мен балабақшаға баратын балалар да тіркелген», – деді Айнагүл Мусина.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында ауа тамшылары арқылы таралатын жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау мақсатында 8 ақпанда қызылшаға, COVID-19 коронавирустық инфекциясына, тұмауға және басқа да жіті респираторлық инфекцияларға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің No2 қаулысы шықты. Балалар, медицина қызметкерлері және денсаулық сақтау жүйесінің мамандары қосымша жаппай иммундауға жатады. Вакцинация жоспарлы түрде жүріп жатыр және қызылшаға қарсы вакцинациямен қамту қазірдің өзінде жоғары. Коронавирустық инфекция бойынша да жағдай тұрақты, өткен жылмен салыстырғанда ауру саны айтарлықтай төмендеген.

«Ағымдағы эпидемиологиялық маусымның басынан бері 1214 сынама COVID-19-ға тексерілді, бірақ оң сынамалар анықталған жоқ. Өткен эпидемиялогиялық маусыммен салыстырғанда төмендеген ЖРВИ-дің 106 699 жағдайы тіркелді, сондай-ақ көкжөтелмен сырқаттанушылықтың жоғарылауы байқалды. Вакцинациялау пункттері жұмыс күндері де, демалыс күндері де жұмыс істейді. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен медициналық ұйымдарда медициналық масканы қолдану талаптары және халық көп шоғырланатын орындарда және көлікте медициналық немесе матадан жасалған масканы қолдану бойынша ұсыныстар енгізілді», – деп толықтырды А.Мусина.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар