Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Баянды болса екен - АРҚА АЖАРЫ

Баянды болса екен

Ертеден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Міне, бүгінде  сол Абылай ханның аңсаған арманына  жеткенімізге 23 жыл толып отыр.

Осы азын-аулақ уақыт ішінде әлемдік деңгейде мәртебесі биік елдің бірі болып отырмыз. Әрине, дербес мемлекет атану үшін талай рет маңдайға тас тиіп, опық жеген сәттеріміз аз болған жоқ. Бірақ та, қиындыққа мойынсұнбай, сара жолда тиімді қолдана білген Елбасымыздың қажыр-қайраты бәріне төтеп беріп, Қазақстан атты мемлекетті карта бетінде бедерледі.
Кеңес Одағында туып, отаршылдықтың ауыртпалығын көрген аға буын үшін тәуелсіздіктің мәні ерекше. Бізге бұл қасиетті мереке болып табылады. Егемендік республиканың барлық халқына еркіндік, бостандық әкелді. Сол уақыттан бері асқақ еліміздің ұлы көшін халқымыздың ардақты перзенті Нұрсұлтан Әбішұлы  жарқын болашаққа, кемел келешекке бастап келеді. Ендігі мақсат — жеткен межемізбен «толдым-болдым» демей, ілгері ұмтылуымыз аса қажет. Арқамызды кеңге салмай, елдігімізге сызат түсіретін мәселелерге қарсы тұру – басты міндет. Ең бастысы, ауызбіршілік болып, ынтымағымыз нығая түссін. Себебі, әр қадамымызды аңдып отырған сырт көз  көп.
Шашымды ақ шалса да,  әрдайым еліміздегі  жақсы жаңалықтарға құлақ түріп отырамын. Осы күнде бес бала тәрбиелеп, ұлымды ұяға, қызымды қияға қондырған жайым бар. Әрбіреуі өз отбасыларының тірегіне айналып отыр. Қатал заман бізді еркелетпеген еді. Сол себепті, біз көрген қиындықты балаларым көрмесе екен деп армандаймын. Құдайға шүкір, жағдайымыз жақсарды, Елбасының бастамасымен көптеген  игі істер жүзеге асып келеді. Іргелі елдермен тең түспесек, кем түспейтін дәрежеге жеттік. Алла тағала азаттығымызды баянды етсін.

Майра ҚАЛАУОВА,
Елтай ауылының тұрғыны, зейнеткер.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар