Депутаттық корпус Ақмола облыстық тексеру комиссиясымен бірлесіп, Қорғалжын, Егіндікөл және Астрахан аудандарының бюджеттерін қараумен осы екі апталық жұмысты аяқтап шықты.
Ақмола облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Марат Қойшыбаев 2023 жылғы жергілікті бюджеттердің атқарылуын және облыстың даму жоспарының нысаналы индикаторларын талдау жергілікті атқарушы органдар мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысындағы ауыртпалықтар мен әлсіз тұстарды анықтауға, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын белгілеуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
Аталған үш аудан бюджеттерінің көлемі басқа аймақтармен салыстырғанда азғантай. Мысалы, Қорғалжын ауданында жоспарланған 2 219, 3 миллионтеңгенің орындалуы 2 161,4 миллион немесе 97,4 пайызды құрады. 58 миллион теңге игерілмеген. Мұның себебі – аудан әкімі Берік Жанбаев түсіндіргендей, жұмыс кестесінен артта қалу, сот талқылауы, өткізілмеген конкурс, қызмет көрсетушілердің шарт талаптарын бұзуы.
Егіндікөл ауданында бюджеттің шығыс бөлігі жоспар бойынша 1 859,6 миллион теңге, оның орындалуы1 858,3 миллион немесе 99,9 пайыз. Сұраныс пен үнемдеуге байланысты 1,3 миллион теңге игерілмеген. Аудан әкімі Юрий Курушин атап өткеніндей, ауданның бюджеттік бағдарламаларының барлық әкімшілері, Егіндікөл ауылы әкімінің аппаратын қоспағанда, бөлінген қаражатты игерудің 100 пайызына қол жеткізді.
Астархан ауданының әкімі Талғат Ерсейітовтың айтуынша, ауданда 2023 жылы бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы 4 220, 5 миллион теңгенінемесе 99,5 пайызды құрады, жоспар 4 239, 8 миллионтеңге, 19,3 миллион теңгесі игерілмеген.
Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Қанат Есмағамбетов ведомство 2022 жылы Ақмола облысының даму жоспарын іске асыру бойынша сараптамалық-талдау іс-шарасын өткізгенін хабарлады. Қорытынды хатта құжаттың аудандық және қалалық әкімдіктердің ұсыныстарын ескермей, қалыптасуы атап көрсетілген. Нысаналы индикаторлар үшін сандық көрсеткіштер көзделмеген. Жекелеген көрсеткіштер жоғары деңгейдегі мемлекеттік жоспарлау құжаттарымен (Ұлттық жобалар) декомпозитталынбаған. 2022 жылғы облыс бюджетінің атқарылуын талдау қорытындысы бойынша тексеру комиссиясы 2023 жылы жергілікті атқарушы органдарға облыстың даму жоспарының сапасын арттыру бойынша ұсыныстар енгізді.
–Өкінішке орай, біздің бірлескен екі апталық жұмысымыздың қорытындысы мен аудан әкімдіктерінің ақпараты толық көлемде қаралмағаны байқалады.
Тыңдалым көрсеткеніндей, кейбір аудан әкімдіктері Ақмола облысының даму жоспарын басқа жоспарлармен шатастырады. Ал, облысты дамыту жоспары бюджеттік шығыстарды жоспарлау үшін негіз болыптабылады. Бұл ретте, облысты дамыту жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге бағытталмаған бюджеттік шығыстарды жоспарлауға тыйым салынады, – деді Қ.Есмағамбетов.
Тұрақты комиссияның төрағасы М.Қойшыбаев екі апта ішінде айтылған барлық ескертулер мен ұсыныстар қорытынды қаулыларда ескеріліп, өңірлерге жіберілетінін атап өтті.
Қарлыға МҰХАТАЕВА,
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы.