Кәсіпкерлерге заңсыз талаптар қойылған

Бизнес құқығын қорғау жөніндегі мобильді топ мемлекеттік орган кәсіпкерлерге салған әкімшілік санкциялардың күшін жоюға қол жеткізді. Болжамды айыппұлдардың жалпы сомасы 1,6 миллион теңгені құрады.

Мобильді топтардың атына Ақмола тасымалдаушыларынан көлік өлшемдерін өлшеу қателіктеріне байланысты дабылдар түсіп жатыр. Кәсіпкерлер арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының дұрыс көрсетілмегеніне қарамастан, бизнеске заңсыз айыппұл салатын облыстық көліктік бақылау инспекциясының әрекетіне шағымданады.

Көкшетау қаласының көлік прокуратурасы автокөліктің мөлшерін анықтау кезінде қателіктің дұрыс емес есептік мәнін анықтады. Атап айтқанда, сертификаттау және сараптама орталығы сертификат берген, оған сәйкес Атбасар қаласының тұсынан өтетін Челябі-Қостанай-Алматы автомагистралінің 1007-ші шақырымында өлшеу құралы III класты жолдарда пайдалану үшін жарамды деп танылды, қателігі небәрі 4 пайыз. Алайда, аталған жол класына арналған жабдықтың техникалық паспортында қателік 14 пайыз ретінде есептелген.

– Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары дұрыс жұмыс істемеуі – жүйелі проблема. Оны біз  түрлі алаңдарда бірнеше рет көтердік. Бұл жолы бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтың бірлескен және үйлесімді жұмысының арқасында мәселені Көкшетау көлік прокуратурасының тікелей қатысуымен реттеуге мүмкіндік туды. Кәсіпкерлерге салынған айыппұлдар алынып тасталды. Бұл айыппұлдар облыстық көліктік бақылау инспекциясы тарапынан заңсыз салынған.  Болжамды айыппұлдардың жалпы сомасы 1,6 миллион теңгені құрады, – деп түсіндірді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Расул Сыздықов.

Еске салсақ, Ақмола облысының барлық өңірлерінде бизнес құқығын қорғау бойынша мобильді топтар құрылды. Оған өңірлік кәсіпкерлер  сарапшылары мен прокуратура органдарының қызметкерлері кіреді.

Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар