Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуметтік жағдайы ауыр болса, теріс жол да алыс емес - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуметтік жағдайы ауыр болса, теріс жол да алыс емес

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен лаңкестікке қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысында Степногорск қаласы мен Целиноград ауданында осы қауіп-қатердің алдын алу және жергілікті жерлерде  әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов лаңкестіктің алдын алу және жолын кесу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Бүгінгі күні облыс аумағында 121 мешіт жұмыс істейді. Онда 77 имам мен 17 молда қызмет көрсетеді. Бірқатар имамдар бір мезгілде екі мешітке қызмет көрсетуде. Әсіресе, орыс тілін білетін имамдардың тапшылығы анық сезіліп отыр. Бұл мәселені шешу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда, «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Египет университетімен үш жақты меморандумға қол қойылғандығын атап өткен жөн. Ендігі уақытта аталмыш оқу орнын бітірген дін мамандары мен исламтанушы теологтарды облысымызға тартуға мүмкіндік бар. Қазіргі күні оқу бітіріп келген 14 имам Ақкөл, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград
аудандары мен Степногорск және Көкшетау қалаларында еңбек етуде. «Нұр-Мүбарак» университетінде оқып жүрген үш студентке облыс әкімінің атаулы шәкіртақысы тағайындалды.
Дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалына түскен мыңнан астам адам болса, солардың үш жүзден астамы сәлафи ағымын ұстанушылар. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, олардың 45 пайызы жалданып еңбек етсе, 28 пайызы жұмыссыз екен. Жат ағымдардың ықпалына түсудің негізгі себептерінің бірі әлеуметтік жағдайға байланысты екендігін ескеріп, халықты жұмыспен қамту бағытында айтарлықтай шаруалар атқарылып жатыр. Жұмыс орындарын сақтауға байланысты аудан және қала әкімдерімен 5569 меморандумға қол қойылған. Мұның өзі 91 мыңнан астам қызметкерлердің еңбек құқығын сақтауға мүмкіндік жасайды. Жыл басынан бері  жұмыспен қамту орталықтарына жұмыс сұрап келген 9705 адам  еңбекке орналас-тырылды. Бұл жұмыс сұрап келгендердің 84  пайызы.
Мәжілісте Целиноград ауданы мен Степногорск қаласының әкімдері лаңкестіктің алдын алу, бұл мәселеде маңызды рөл атқаратын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстары туралы есеп берді.
Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі жат ағымдардың қатерлілігі жайында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге жете көңіл бөліп, осы орайда түрлі көпшілік шаралар ұйымдастыруды жолға қоюға,  бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мақалалар, хабарлар жариялап отыру қажеттігіне назар аударды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар