Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеңілдікпен берілген несие несібесі - АРҚА АЖАРЫ

Жеңілдікпен берілген несие несібесі

Біржан сал ауданында статистикалық мәлімет бойынша, өткен жылдың аяғында 1001 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, қазіргі таңда соның 922-сі жұмыс істейді.

Кәсіпкерліктердегі жұмысшылар саны 3609 адамды құрайды. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын жүзеге асыру басталғаннан бері отыз үш жоба мақұлданып, жүзеге асырылған. Жобалардың жалпы сомасы 3,5 миллиард теңге.

Өткен жылы аудан халқының әлеуметтік осал топтарынан жеті адамға 9 миллион 660 мың теңгелік, адам басына 400 айлық есептік көрсеткішке дейін тегін мемлекеттік гранттар берілген. Сондай-ақ, жастарға кәсіпкерлік бастамаларын дамыту үшін 2,5 пайызбен жеңілдетілген 21,4 миллион теңгешағын несиені ауданда бес қатысушы алған. Ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Сәрсенбек Сүлейменовтің айтуынша, жастар арасында мал шаруашылығын қолға алып жатқандар да баршылық. Атап кетсек, Ақсу ауылында Нәзір Біржан, Кеңащы ауылында Динара Дайырова, Қоғам ауылында Мирас Жақсылықов қатарлы тұрғындар 2-5 миллион теңге аралығында мемлекеттен жеңілдікпен несие алып, мал басын өсіру, тұрғындарды ет өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында кәсіптерін ашқан. Сондай-ақ, 2023 жылы Ақмола облысында кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік грантқа өтінімдер қабылданған.

Сонымен бірге, ауданда соңғы уақытта тұрақты жұмыс орнын құрумен бірге, кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосқан жеке серіктестіктерді атап кетуге болады. Олар табиғи сүт өнімдерін шығаратын «Аңсар» жеке кәсіпкерлігі, Степняк қаласындағы кондитерлік және қоғамдық тамақтандыру өнімдерін өндірумен айналысатын «Хафизов», «Еңбек Астық» серіктестіктері. СоңғысыСтепняк қаласының аумағындағы астық қабылдау пункті болып есептеледі. Онда сағатына 30 тонна астық кептірілсе, сыйымдылығы 26 мың тонналық 10 қойма бар. Оған қоса, елімізге танымал кәсіпорындардың қатарындағы«Көкше-Цемент» ЖШС цемент өндірумен айналысады. Құрылыс индустриясының барлық саласында үлкен сұраныспен қолданылатын «ПЦ-400», «ПЦ-500», «ПЦ-600», «Д-20», тағы басқа маркадағы құрғақ цементтің жиырма түрі үздіксіз өндірілуде 2017 жылы іске қосылған өндіріс орнының қуаттылығы жылына 2 миллион тонна. Аталған зауыт жалпы саны 530-дан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар