Жұмыла күреспесек, оңай шегінбейді

Туберкулез ауруы дүниежүзінде, оның ішінде Еуро-Азия елдерінде әлі күнге дейін өзекті мәселе болуда, әрі жұқпалы аурулардан болатын өлім-жітімнің басты себептерінің біріне айналуда.

Қазақстан Республикасының туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «2035 жылға дейін туберкулез эпидемиясын (ЕпdTB) тоқтату»туралы ұсынысын ескере отырып жасалған Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық»мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген міндеттерді іске асыруға бағытталған. 2016-2025 жылдарға арналған Қазақстанда туберкулезді интеграциялық бақылау шараларының мақсаты – еліміз бойынша аурудың эпидемиясын жою. Мәселен, 100 мың тұрғынға шаққанда дертке ұшырағандар 50-ден кем болуы тиіс.

Балаларға баса назар аудара отырып, халық арасында туберкулездің тиімді профилактикасын қамтамасыз ету, туберкулезді ерте анықтау және диагностикалау, оның ішінде науқастардың дәріге төзімділігін анықтап, тиімді емдеу негізгі стратегиялық бағыттар болып табылады.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда Үкімет пен халықаралық ұйымдардың қолдауымен фтизиатриялық қызмет туберкулезге қарсы күресу жолында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, туберкулез бойынша ахуал тұрақтанды, БЦЖ вакцинасымен толық қамтамасыз етуге, туберкулезге қарсы препараттардың үздіксіз жеткізіліп тұруына қол жеткізілді, туберкулезді және кең диагностикалаудың молекулярлық-генетикалық экспресс-әдістері барлық жерде енгізілді, емдеу шаралары пациенттерге барынша жақындатылды.

Туберкулезге қарсы көмек көрсету сапасын одан әрі жетілдіру үшін осы күрестің барлық басым аспектілерін қамтитын туберкулезді интеграциялық бақылау моделі әзірленді.

2023 жылдың 12 айында облыста туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 7,4 пайызға төмендеді. Яғни, былтыр 305 жаңа жағдай тіркелді, оның ішінде 275 науқаста өкпе туберкулезі, 30-ында өкпеден тыс туберкулез (12-сі туберкулезді плеврит, 9-ы перифериялық лимфа түйіндері, 2-еуі өкпеден тыс басқа түрлері, біреуіми қабығының туберкулезі, тағы біреуі кеуде ішілік түйіндер мен орталық жүйке жүйесі туберкулезі, 5-еуі сүйек пен буын туберкулезі) анықталды. Науқастардың 113-і өздерінің өтініштері бойынша тексеріліп, сырқатын анықтаса, 192-сінен инфекциялық жұқпа профилактикалық тексеру барысында табылды.

12 айдың қорытындысы бойынша облыстатуберкулез сырқатымен ауыратын 405 белсенді пациент есепте тұрса, (2022 жылы – 411), оның 104-і стационарда, 301-і амбулаториялық емдеуде болды, солардың 207-сіне бейнебақылау арқылы ем жүргізілді, 83-і тікелейемдеу кабинетіндебақыланды, 5-еуі үйде емделсе, 6-ы емдеу режимін бұзды.

2023 жылдың 12 айында туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 1,3-ті құрап, 10 адам сырқаттың құрбаны болды. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 1,5-ке жетіп, дерттен 11 адам қайтыс болған. Балалар арасындағы сырқаттанушылық көрсеткіші 29,7 пайызға төмендеді.

Облыстың 7 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымында G-xpert аппараты бар. Олар – Көкшетау қаласының қалалық емханасында, Атбасардыңкөпбейінді ауданаралық ауруханасында, Ақкөл, Целиноград, Ерейментау, Жарқайың, Шортанды аудандық ауруханаларында орнатылған және 2 аппарат Ақмола облысының фтизиатриялық орталығының базасында орнатылған.2023 жылдың 12 айында G-Xpert әдісімен облыс бойынша 4251 адам тексеріліп, 386 адамнан, яғни, 9,1 пайызынан сырқат белгілері анықталды.

Сондай-ақ, облыста 8 жылжымалы флюорографиялық қондырғы бар. Олар – Viamedis Көкшетау емханасына, Атбасар аудандық ауруханасына, «Жанұя» қазақстандық әлеуметтік-медициналық компаниясына, Ақкөл, Ерейментау, Астрахан, Жақсы, Зеренді аудандық ауруханаларына бекітілген болса, Есіл және Жарқайың аудандық ауруханаларында 2 жылжымалы медициналық кешен бар.2023 жылдың қорытындысы бойынша облыста 411956 адам (94,4 пайыз)флюорографиялық тексеруден өтті. Сонымен бірге, сырқатқа ұшырау тәуекеліжоғары 43878 (98,2 пайыз) адам тексерілді.

2023 жылы жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік көмекке 73,9 миллион теңге (2022 жылы69,3 миллион теңге) көлемінде қаржы бөлінді. Туберкулезбен ауыратын 550 науқасқа әлеуметтік көмек көрсетілді, 218 оқушыхимиопрофилактика алған кезеңінде ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, емдеу курсын толықөткен 9 адам (мұқтаждар саны – 12) жұмысқа орналастырылды, туберкулезбен ауыратын науқастардың екеуінің (мұқтаждар 3) тұрғын үй жағдайы жақсартылды, Аршалы, Жарқайың, Зеренді және Шортанды аудандарында ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек бөлінеді, ал, қалған басқа аудандар мен қалаларда бұл  көмек 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

Туберкулезбен сырқаттанудың алдын алу және азайту бағытында қызмет көрсететін «Игілік» қоғамдық қорымен тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде. 2023 жылы  туберкулезбен ауыратын 18науқас анықталды (2022 жылы – 13), 3 науқас құжаттандырылды (2022 жылы – 6), емнің амбулаториялық кезеңінде 64 науқасқа жалпы сомасы 1500,0 мың теңгеге көлік шығындарының өтемақысы түрінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық қоғамның күш-жігері, яғни, туберкулезді жою мақсатына қол жеткізудің маңызды тетігі болып табылатын сектораралық өзара іс-қимыл қажет. 2024 жылы Ақмола облысында «ТОҚТА ТБ» Ұлттық серіктестігінің бөлімшесін ашу жоспарлануда.

Жұмабек МАХАШЕВ,
Қ.Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық
фтизиопульмонология орталығының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар